Жеке құрам толықты

Жеке құрам толықты

Отан қорғаушылар мерекесіне орай  «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы Семей гарнизонының 54770 әскери бөлімі мерзімді қызметтегі сарбаздарды қарсы алды.

Жеке құрам мерзімді қызметтегі 30 сарбазбен толықты. Жас жауынгерлерді бөлімнің қолбасшылығы мен әскери әйелдер оркестрдің сүйемелдеуімен салтанатты түрде қарсы алды. Экскурсия жүргізіліп, бөлімнің құрылу тарихы мен бүгінгі күнге дейінгі жетістіктері айтылды. Олардың әрқайсысына күнделікті хал-жағдайын біліп, әңгімелесу өткізетін әскери қызметші әйелдер бекітілді. Отан алдындағы әскери борышты өтеуде қиындықты шыдаммен және қайратпен жеңіп, әрбір жауынгердің еліміздің тыныштығын күзететін абыройлы азамат атанатынына зор сенім де білдірілді. Сондай-ақ, әскери қызметтің түрлері бойынша сабақтар өткізу және бөлім психологтарымен күнделікті әңгімелесулер жүргізу де жоспарланды.

 

Алуа ИСКАКОВА

Суретті түсірген автор

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства