Жеке мамандарды дайындау қорытындыланды

Жеке мамандарды дайындау қорытындыланды

2018 оқу жылының жауынгерлік дайындық жоспарына сай әскери бөлімде жекелеген мамандарды дайындау бойынша сабақтар өткізілді. Атап айтар болсақ,  2017 жылдың 11 желтоқсаны мен үстіміздегі жылдың 5 қаңтар аралығында 15 мамандық бойынша 116 мамандарды дайындау бойынша болды.

Аталған мамандарды жоғары дәрежеде даярлау ол келешекте бөлімнің жауынгерлік дайындықта үздік болуға өз септігін тигізетіні анық. Себебі, әрбір істі басынан сапалы дайындау ол өз нәтижесінде сапалы өнім беретіні бәрімізге мәлім. Міне, осы себепті жекелеген мамандарды даярлау сабақтарын өткізуде басынан бастап аса мән берілуде. Бұл жекелеген мамандарды даярлау сарбаздардың атыс қаруын қолдануда және әскери техниканы жүргізуді оқып үйренуге мүмкіндік береді.
Қорытынды сабақтар күндізгі және түнгі атыс жаттығуларымен және сауытты техникаларды жүргізуден, сонымен қатар дене шынықтырудан сынақтар тапсырумен аяқталды. Жеке құрамның осы уақыт аралығында игерген білімдерін тексеру және мамандарды дайындауды қорытындылау сабақтарын өтуін қадағалау үшін «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы барлау басқармасы бастығы подполковник Жолдас Несіпбаев қатысып, мамандардың дайындығына жоғары баға берді. Жекелеген мамандарды даярлаудың қорытынды сабақтарының нәтижиесі бойынша 1 арнайы мақсаттағы барлау ротасының және 1 барлау ротасы жеке құрамдары үздіктер қатарынан көрінді. Олар атыс қаруынан алыс қашықтыққа ату кезінде барлық нысананы жойып, жоғары баға алды. Әскери бөлім 2017 оқу жылында жауынгерлік дайындықта жоғары нәтижиже көрсеткен болатын. Осының дәлелі ретінде әскери бөлімде Т-72 танкісінен екі рет штаттық атыс өткізіп, нәтижиесінде ол да оң бағаланды. Бұдан бөлек жауынгерлік атыстарды өткізу кезінде әскери бөлім жоғарғы басшылық тарапынан үздіктер қатарынан көрінсе, дене шынықтыру дайындығынан сынақтарды 99116 әскери бөлімі «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдері арасында орталық армия клубы өте жақсыға тапсырған болатын. Алдағы уақытта әскери бөлім жауынгерлік дайындық жоспарына сай 2018 жылдың 8 қаңтары мен 2 ақпаны аралығында  бөлімше, есеп топ, экипаждардың жауынгерлік дайындықтары өткізуі жоспарлануда.

99116 әскери бөлімінің тәрбие бөлімі

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

Броньды машиналар кәсіпорны

Броньды машиналар кәсіпорны

БКМ "Барыс 8х8"

БКМ "Барыс 8х8"