«Жасұландықтарға» арналған жаңа жылдық шара

«Жасұландықтарға» арналған жаңа жылдық шара

Ұлттық әскери-патриоттық орталықта Астана, Алматы, Шымкент және Қарағанды қалаларындағы «Жас ұлан» республикалық мектептерінің тәрбиеленушілері үшін дәстүрлі жаңа жылдық шара өтті.

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Талғат Мұхтаров «Жас ұлан» мектептерінің тәрбиеленушілерін Жаңа жылдарымен құттықтады. Ол өз сөзінде оқу үздіктерінің, спортшылар мен белсенділердің жетістіктерін атап өтті, сондай-ақ оларға 2019 жылы үлкен биіктіктерді бағындыруларын тіледі. Мектеп тәрбиеленушілері Қорғаныс министрлігінің құттықтауын құлшыныспен және үлкне қызығушылықпен қабылдады.

«2019 жыл баршаларыңыз үшін бақытты, сәтті және жемісті жыл болсын. Болашақта өз тағдырымды әскери қызметпен байланыстырып, офицре болып, тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін қызмет етуді жоспарлаудамын», - деді армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушісі Ернар Тезекбай. Салтанатты шараның қонақтары үшін концерттік бағдарлама дайындалып, мерекелік дастархан жайылды және әрбір тәрбиеленушіге сыйлықтар табыс етілді.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи