«Жастүлек көкжиектен көрінді»

Сарбаздардың алғашқы ерлігі – қолбасшының еркіне мойын ұсыну, бағыну. Офицердің алғашқы ерлігі – халықтың атынан,  мемлекеттің атынан әмір ете білу. Әскери ерлігі – халық атынан сарбаздарға алғыс айтып, жігерлендіре түсу.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ әскери кафедрасындағы білім алушылардың оқу жиыны (кәсіби практикасы) әскери дайындаудың соңғы кезеңі болып табылады, олар студенттерді практикалық оқыту және олардың әскери дайындық курсын зерделеу кезінде алған командалық және әдістемелік дағдыларын жетілдіру мақсатында әскери бөлімдердің, әскери оқу орындары мен ЖОО - ның оқу материалдық- техникалық базасын пайдалана отырып өткізіледі.

Әскери есеп мамандығында білім алатын қыздар оқу жиынына тартылмайды, олар үшін кәсіби практика ұйымдастырылады. Практикадан өту кезеңінде қыздар оқу-жаттығу атыстары жаттығуларын орындайды және әскери ант қабылдайды.

Оқытушының жетекшілік етуімен Тактикалық және арнайы сабақтар, жауынгерлік оқ атулар, жауынгерлік жұмыстар, жауынгерлік машиналарды жүргізу бойынша сабақтар өткізіледі. Сондай- ақ, оқу - жиынында мерекелік күндерге байланысты әртүрлі тақырыпта спорттық ойындардан жарыстар өтіп, аптаның белгілі күндері «Идеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру» әскери есеп мамандығының ұйымдастыруымен өтетін мерекелік концерттік бағдарламалар мен патриоттық тақырыптағы бейне фильмдер курсанттарымыздың рухын биіктетеді.

Запастағы подполковник Сәлімжан Сұлтанов

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"