Жастарға айтар сөзім бар

Осыдан бір жыл бұрын әскерге шақырылған болатынмын. Сарбаз болу, ел қорғау – балалық арманым. Арманымды теңіз жаяу әскерінде орындай алдым.

Бүгінгі күні еліміз жастарының әскерге деген көзғарасы әртүрлі. Шынымды айтсам, менің достарымның арасында да, әскердегі қызмет туралы біркелкі ой болған жоқ. Алайда, соған қарамастан мен өз ойымнан қайтпадым және бүгін еш өкінбеймін. Өтіп кеткен бір жылдың ішінде еліміздің әр өңірінің жастарымен танысып, достасып, азаматтық парызымызды иық тірестіре отыра атқарып өттік. Бір қызығы, әскери қызмет аяқталуға бірнеше күн қалып, енді елге ораламыз деген кезде, еліміздің алдындағы борышымызды сәтті орындағанымыз үшін бойымызды бір жақсы сезім баурап, жеңілдеп қалдық. Бұл сезімді ешқашан ұмыта алмаспын.

Әскер маған достық пен бірліктен басқа, ұдайы түрде өз-өзіңді қарап, күтініп жүріп, спортпен айналысып, қырағы болып жүруге үйретті. Көптеген атыстарға, оқу-жаттығуларға қатысып, жауынгерлік дайындықтың қыр-сырын меңгердік. Бұл – шынайы адреналин мен мақтаныш сезімі.

Әскери борышын өтеуге асықпай немесе оған қатысты күмәнданып жүрген құрдастарыма, еліміздің жастарына айтарым бар. Бұл – біздің ел, еліміздің ертеңі біздің қолымызда. Сондықтан, әскери борышты өткеру – тек нағыз патриоттар мен өз елін сүйетін азаматтардың ісі. Егер Отанымыздың, халық сыйлайтын азаматы боламын десен, екі ойлы болма - әскерге аттан.

 

Гвардия қатардағы жауынгері Самат Мұқамбетов

25744 әскери бөлімі


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства