Жастар теңізшілер тынысымен танысты

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштері мен Алматы қаласы әкімдігігінің арасында жасалған меморандумның негізінде 2016 жылдан бері Алматы қаласындағы «Киров» Әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілеріне әскери-теңізшілердің тыныс тіршілігімен танысу, олардың бойларында Отанымыз бен Қарулы Күштерімізге деген патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында Ақтау гарнизонында орналасқан 29011 әскери бөлімінде жазғы уақытта «Жас әскери теңізшілер» ашық есік күні ұйымдастырылып келеді.

Биылғы жылы 12 мен 20 шілде аралығында аталған клуб жасөспірімдері, атап айтсақ 18 бала алдыңғы қатарының жастары 14 пен
15-те болса, ең кішісі 8-дегі балалар Әскери-теңізшілер арасына екінші рет келіп қуантты. Жас тәрбиеленушілер бағдарлама бойынша жауынгерлік кемемен ашық теңізге шыға, арнайы қайықтарда ескек есе және төзімділік үшін күресу оқу-жаттығу станциясында практикалық іс-қимылдар жасай отырып, Әскери-теңіз күштерінің тыныс-тіршілігімен танысты. Жас өсіпірмдерге арнайы әскери-теңіз күштерінің жазғы киім үлгісі тігілді және мектеп құралдары сыйға тартылды.

Аталған балалардың арасында басым бөлігі болашақта әскери теңізші болуды армандайтындықтарын айтып, өз ниеттерін білдіруде және демалыстарының осындай қызық өткендіктеріне дән риза болды.

 

 

 

капитан Ж.Тұяқбаева


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"