Жасақтың мақтанышы

Жасақтың мақтанышы

Семей өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының әскери автомобильдік полиция бөлімінің аға маманы (аға инспекторы) старшина Ерлан Қанағатов еліміз Қарулы Күштерінде 1998 жылдан қызмет етеді.

 Осы уақыттың аралығында жүктелген тапсырмалар мен қызметтік міндеттерді сапалы орындап келеді. Елі мен жерін ерекше қадір тұтатын, рухы мықты, намысы биік азамат. Кітап оқығанды жаны сүйеді. Отбасында жұбайы Айгүлдің тірегі, қыздарына қамқор әке. Өмірлік қағидасы сол – балаларын білімді, талапты да тапқыр, талғампаз да терең ойлы, төзімді де табанды, толыққанды тұлға етіп тәрбиелеу. Старшинаның отбасында қос қуаныш: үлкен қызы Айғаным биыл Назарбаев зияткерлік мектебін алтын белгіге аяқтап, Ұлттық бірыңғай тест қорытындысы бойынша 134 балл алды. Әрі «SAT Reasoning» және «IELTS» халықаралық емтихандарының нәтижесінде әлемдегі рейтингі жоғары оқу орны – Абу-Дабидегі Нью-Йорк университетінің студенті атанды. «Былтырғы жылдың қараша айында  ағылшын тіліндегі халықаралық тестілеу жүйесіне қатысып (IELTS), тиісті 9.0 балдың 7,5-ін жинасам, желтоқсан айында Астана қаласында өткен академиялық бағалау тестінен (SAT Reasoning) 1600 балдың 1430-ны на қол жеткіздім. Осы көрсеткіштерім бойынша берілген мүмкіндікті пайдалана отырып, емтихан нәтижелерін Абу-Дабидегі Нью-Йорк университетіне жолдаған едім. Араға уақыт салып, университет мені тиісті мамандармен сұхбаттасуға шақырды. Аталған оқу орнын таңдауыма өзге мемлекеттердің тарихымен, мәдениетімен жақынырақ танысу, академиялық ұтқырлық бағдарламасымен жұмыс істейтіндігім басты себеп болды», дейді Айғаным Ерланқызы. Ол университеттегі «Әлеуметтік зерттеулер және қоғамдық саясат» мамандығын таңдаған екен, арманы – БҰҰ Қазақстандағы филиалында қызмет ету.

   Ал, кіші қызы Аяулым Назарбаев зияткерлік мектебіне өте жақсы деген бағамен қабылданды. Тәрбиелі де, білімді балалар тәрбиелеп отырған Ерлан Қанағатовтың отбасындағы жетістіктерді жасақтың жеке құрамы әрдайым мақтаныш тұтады.

 

Алуа ИСКАКОВА

Суреттерді түсірген автор


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи