Жас ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру жүйесі дамиды

Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру – ҚР Қарулы Күштері қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстанда мектептердің жанында әскери-патриоттық және әскери-спорттық құралымдар желісі белсенді түрде дамуда, әскери-шефтік байланыс кеңеюде, әскери және азаматтық жастар арасында өзара іс-қимыл нығаюда.

Бүгінгі таңда әскери сарапшылардың баға беруі бойынша әскери-патриоттық клубтың  төртінші дерлік тәрбиеленушісі өзінің өмірін армиямен байланыстырады. Қорытынды ретінде әскери-патриоттық клубтардың қабырғасында тәлім-тәрбие алған және шыныққан, әскерге шақырылған немесе әскери оқу орындарына оқуға түскен жастардың әскери ғылымның қыр-сырын меңгеруде анағұрлым жоғары дағдылары бар, армиялық қызметтегі жағдайларға жеңіл бейімделеді.  

Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруді арттыру үшін ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Алматы армия үйінің базасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының филиалын құру жөнінде тапсырмалар берді. Онда әскери-тарихи мұражайды, гарнизондық ансамбль мен Аэроұтқыр әскерлерінің оркестрін орналастыру жоспарлануда. 

Сондай-ақ, ардагерлер ұйымы орналасады. Келешекте жергілікті атқару органдары және қоғамды ұйымдармен іс жүзіндегі өзара іс-қимыл аймағымен әскери-патриоттық, жас армия және ардагерлер қозғалысын үйлестіру мен қолдау жөнінде диалогті алаңдардың рөлін атқаратын Қазақстанның өзге де қалаларында осындай филиалдарды құру мәселесі пысықталады. Астанада шоғырланған ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталықты 2015 жылдың желтоқсанында Елбасы – ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев ашқанын айта кетейік. Бүгінгі күні ол жерде жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру, мемлекеттің әскери тарихын, жауынгерлік дәстүр мен әскери жөн-жоралғыларды зерделеу және насихаттау аясындағы жұмыс кеңінен жүргізіледі.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"