«Жас ұлан» тәрбиеленушілері ант қабылдады

«Жас ұлан» республикалық мектептерінің 600-ге жуық тәрбиеленушісі қалыптасқан дәстүр бойынша жас ұлан деген атақты абыроймен алып жүруге салтанатты түрде ант қабылдады.

Салтанатты түрде іс-шара «Жас ұлан» республикалық мектептері тәрбиеленушілерінің алаңқайда салтанатты сап түзеуі мен оқу орындарының туын алып шығару рәсімінен басталды. Антты тәрбиеленушілер Ұлы Отан соғысы, ҚР Қарулы Күштері ардагерлерінің, барлық оқушылардың, ұстаздардың, командирлердің, ата-аналар мен туысқандардың қатысуымен қабылдады. «Мен бала кезімнен әскери болуды армандадым. Бүгін мен қатты толқып тұрмын. Менің түсінігімдегі әскери адам – бұл табандылық пен қайсарлықтың, өз Отанына деген адалдықтың жарқын үлгісі. Мен осы мектептің қатарында жүргенімді мақтан етемін», - деп өз ойымен бөлісті Астана қаласы «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушісі Ислам Шүкірбаев. «Жас ұлан» республикалық мектептері мемлекеттік және шет тілдерін, әскери пәндерді тереңдетіп оқытатын және дене даярлығына аса мән берілетін орта жалпы білім беретін оқу орындары болып табылатынын айта кеткен жөн. Онда оқу мен спортта дарынды және талантты тәрбиеленушілер, облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары білім алады. Бүгінде төрт әскери мектепте 1200-ден аса жасұландық білім алуда. Оның 600-ге жуығы биылғы жылы оқу орындарының тәрбиеленушілері атанды. Жыл сайын мектептерде іріктеу сапасы, теориялық және практикалық дайындықтың деңгейі арта түсуде, оқушылардың зияткерлік, шығармашылық және спорттық дамуына айрықша көңіл бөлінеді.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"