«Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілері ұшақта ұшудан емтихан тапсырды

Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілері Астана қаласы «Авиациялық оқу орталығының» «Жоламан» аэродромында ТЛ – 2000 ұшағымен емтихандық ұшулар тапсыруда.

Ұшулар барысында мектеп тәрбиеленушілері ТЛ – 2000 ұшағында алғашқы ұшу даярлығы бағдарламасы бойынша емтихандық ұшулар тапсырады. Курсанттардың дайындығына бас директор Ризабек Әжекенов, авиациялық қызмет және авиациялық қауіпсіздік қызметінің жетекшісі Құбат Қадыралиев, ұшулар жетекшісі Жанат Ахметов, сондай-ақ авиациялық орталықтың ұшу және инженерлік-техникалық құрамы қатысуда. «Мектеп тәрбиеленушілері екі ай бойы 30 сағат ұшуды орындады. Дайындық деңгейі бойынша олар қазірдің өзінде азаматтық жүйедегі жеңіл авиация ұшқыштарына сәйкес келеді», - деп атап өтті авиациялық оқу орталығының бас директоры Ризабек Әжекенов. Оқу-жаттығулардың нәтижесі бойынша түлектерге тиісті сертификаттар тапсырылады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"