«Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушілерімен кездесті

«Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушілерімен кездесті

Шымкент қаласындағы Сабыр Рақымов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілері бокстан Қазақстан Республикасы құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов және 2017 жылғы бокстан әлем чемпионы Қайрат Ерәлиевпен кездесті.

Аталмыш шараның мақсаты өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын ұстануға баулуға, қазақстандық спорт тарихына деген қызығушылықтарын арттыруға, аға буынның үлгісі ретінде тәрбиеленушілерге әр адамның өмірінде спортпен шұғылданудың маңыздылығын көрсету болып табылады.
Кездесу барысында қонақтардың әрқайсысы спорттық қалыптасудағы өздерінің жолдары, бокстағы жетістіктері туралы айтып берді. Болашаққа құрған жоспарларымен бөлісіп, тәрбиеленушілердің біршама сұрақтарына жауап берді. Спорттық додаларда ғана емес, сонымен бірге өзге де жағдайларда жеңіске деген ұмтылыс, өз-өзіне және өзінің күшіне сену басты алғышарт болды. Әлем чемпионы Қайрат Ерәлиев мектеп мұражайына жеке қолтаңбасы бар боксшының қолғабын сыйға тартты.
«Біреулер үшін спорт өзін жақсы дене бітімінде ұстаудың амалы, ал бәзбіреу спортпен әуестенуді адамс енгісіз жеңістер мен жетістіктер легіне айналдыруға қабілетті. Жанкүйерлермен өткізілетін мұндай кездесулер тәрбиеленушілеріміз үшін өте маңызды. Бәлкім, олардың араларында еліміздің атын шығаратын болашақ әлем чемпиондары өсіп келе жатқан шығар», - деді меймандарға қызықты кездесулері үшін алғысын білдірген  мектеп директоры полковник Ғазиз Төлеуішев.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений