Жас сарбаздардың бейімделу кезеңі

   Әскери ант қабылдағандарына бір ай ғана болса да, бөлім сарбаздары әскери өмірдің қыр-сырына төселіп, мінез-құлықтарын шыңдап келеді.

Алғаш келген күннен бастап бір ананың балаларындай өзара жақсы қарым-қатынаста. Мерзімді әрбір әскери қызметшіге жоғары қолбасшылықтың бұйрығы бойынша әйел әскери қызметшілер бекітілген. Олар сарбаздардың күнделікті хал-жағдайын, тұрмыс-тіршілігін, туындаған мәселелерін анықтап, бөлім командиріне баяндап отырады. Ата-аналарымен де ұялы телефон арқылы хабарласып, сарбаз жайлы қажетті мағлұматтар алады.

Сарбаздардың сөзіне жүгінсек, Отан алдындағы борышты өтеу – әр азаматтың парызы. Шымыр да сымбатты болуға, әрі төзімділікке тек қана әскер шынықтырады. Әскери тәртіп пен жауынгерлік дайындық та күннен-күнге шыңдай түседі. Барлау полкінде тек қана моральды-психологиялық тұрғыдан шыдамды жауынгерлер ғана әскери міндетін атқарады.  

   Бейімделу кезеңінде сарбаздармен психодиагностикалық, психологиялық ағарту жұмыстары және психологиялық коррекциялық жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ, мерзімді әскери қызметшілермен өздеріне деген сенімділіктерін арттыруға, ұжымды біріктіруге, жалғыздықтан шығу жолдарын көрсету мақсатында психологиялық тренингтер де өткізіліп тұрады. Сарбаздардың әскери өмірге бейімделу кезеңіндегі іс-шаралар одан әрі жалғаса береді. 

   Әскери бөлімде мерзімді әскери қызметі аяқталған соң, келісімшарт бойынша әскери қызметке қалғысы келетін әскери қызметшілер де жоқ емес. Себебі мемлекет тарапынан қорғанысты одан әрі күшейтуге ерекше қамқорлық жасалады. Еңсесі биік еліміздің болашағы – жас жауынгерлердің бойында туған Отанды көздің қарашығындай қорғау, ел мен жерді шексіз сүю секілді жауынгерлік қасиеттерді дамыту – біздің міндетіміз.

 

Капитан Торғын СУБЕБАЕВА

44736 әскери бөлімінің тәрбие және идеологиялық

жұмыстары жөніндегі бөлімінің офицер- (психологы)


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"