«Жас сарбаз» лагерінен олжалы оралды

«Жас сарбаз» әскери-патриоттық лагерінде демалып келген «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы Үшарал гарнизонының 40398 әскери бөлімі әскери қызметшілерінің балаларын жеке құрам құрметпен қарсы алды.

   10 баладан құралған топ «Жас сарбаз» әскери-патриоттық лагерінде          22 маусым мен 1 шілде аралығында болды. Олар оңтүстік астананың көрікті жерін аралап, танымал спортшылармен жүздесті. ҚР ҚМ Армияның орталық спорт клубының Панфилов кентіндегі оқу-жаттығу орталығын көруге де мүмкіндік туды. 

Әскерилердің балалары жазғы демалыстарын құр өткізіп қана қоймай, Аягөз, Гвардейск, Сарыөзек гарнизондары арасында ұйымдастырылған әскери-патриоттық клубтың іс-шараларына белсенді қатысты. 

Әрі спорттық сайыстарда да алдыңғы шептен көрініп, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық жиынының екінші ауысымының нәтижесінде жалпыкомандалық есепте бірінші орынды ұтып алды. Кубок, медаль және мақтау қағаздарымен оралған балаларды жеке құрам сән-салтанатпен қарсы алды.     


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"