Жас матростар салтанатты түрде Әскери ант қабылдады

Ақтауда 29011 әскери бөлімінің оқу-жаттығу орталығында осы жылдың көктемінде шақырылған Әскери-теңіз күштерінің мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілері салтанатты түрде Әскери ант қабылдады.

Салтанатты рәсімге Қарулы Күштердің ардагерлері, Ақтау гарнизоны әскери бөлімдерінің қолбасшылығы, болашақ Отан қорғаушылардың ата-аналары мен туысқандары қатысты. «Офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер жас толым алдағы жыл ішінде тиісті түрде әскери істі игеріп, оқ ату, ұрыс машиналарын жүргізу, жауынгерлік және дене даярлығы бойынша нормативтерді «үздік» деген бағаға тапсыру үшін барлық күш-жігерлерін салуда», - деді 29011 әскери бөлімінің командирі 1-дәрежелі капитан Қанат Ниязбеков. Салтанатты іс-шаралар аяқталысымен орталық қолбасшылығының әскери қызметшілердің ата-аналарымен кездесуі өтті. Оның барысында олар әлеуметтік-тұрмыстық жағдаймен, күн тәртібі және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің тамақтану рационымен  танысты. «Мен Әскери-теңіз күштерінде қызмет ететініме қуаныштымын және мақтан тұтамын, еліміздің теңіз шептерін лайықты түрде күзететін боламын», - деп атап өтті мерзімді қызметтегі әскери қызметші Олжас Темірбаев.  



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"