Тараз гарнизоны осы жылы әскери училищелерді бітірген жас лейтенанттармен он күндік кездесу өткізді. Тұтастай алғанда, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдеріне бітіруші 60 лейтенант жаттығуларға тартылды.
Жақында диплом алып, әскери қызметке кіріскен офицерлермен бас қосу әскерде көптен бері және міндетті дәстүр болып табылады. Бұл жиынның негізгі мақсаты – бейімделуге көмек көрсету, іс-әрекетке кіріспе, әскери қызметтің ерекшелігі мен қыр-сырымен танысу. Сондықтан облыстық командалық басқарманың басшылығы тәжірибесі мол офицерлерді енді қызмет жолын бастаған жас мамандарға үлгі етеді.
Жаңадан келген офицерлерді жинау барысында Айша бибі полигонында ұйымдастырылған сабақтар тактикалық және атыс дайындығының бір бейінді мәселелерін қамтыды. Сондай-ақ, далалық оқу-жаттығулар бойынша сынақтар тапсырды, қатысушылар жауынгерлік машиналарды жүргізіп, жаяу әскер, танк, жүк автомобильдерінің дайындықтары бойынша: күндізгі және түнгі жағдайларда әзірліктері пысықталды.
– Жас мамандардың қызметтеріне деген адалдығы қуантады, олар әскери институттарда сапалы білім алғандарын барынша дәлелдеп бақты. Болашақ офицерлердің алдағы уақытта елімізге, Отанына талмай қызмет көрсететініне сенеміз, - деді "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Марат Құсайынов.