Жас лейтенанттар еліміздің екі жоғары әскери оқу орнын бітірді

Алматы мен Ақтөбе қалаларында 287 лейтенанттың – Әуе қорғанысы күштері әскери институты мен Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтын салтанатты бітіру рәсімі өтті.

Бүгінде жоғары әскери оқу орындары жоғары білікті кадр офицерлерді даярлайтын негізгі оқу орны және қазақстандық армияның жауынгерлік әлеуетінің ажырамас бөлігі болып саналады. Жоғары әскери оқу орнын бітірушілер – Қарулы Күштер үшін ғана емес, жалпы мемлекет үшін елеулі оқиға. Елбасы – ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә. Назарбаев кадр офицерлерді даярлауға ерекше назар аударып, сонымен қоса Отанды қорғауда оларға маңызды міндет жүктеп отыр. Елбасы өз сөзінде бірнеше мәрте «Офицерлер корпусы – армияның алтын қоры, олар Қазақстанның әскери қуатын арттыруда маңызды рөл атқаратын нығайтушы негіз» деп атап көрсетті.          Бітірушілер арасында 40-тан астам оқу үздігі бар. Олардың көпшілігі институтты алтын медальмен аяқтап, «Әскери оқу орнын үздік бітіргені үшін» төс белгісімен бірге дипломдарын алып, жауынгерлік даярлық пен әскери міндетті үлгілі атқарған үздік көрсеткіштері үшін ІІ дәрежелі жаңа «Ел қорғаны» ведомствалық медаліне лайықты деп танылды.          Салтанатты жиылыс барысында ҚР Қарулы Күштердің ардагерлері, әскери оқу орындардың басшылығы, бітірушілердің ата-аналары, туыстары, жергілікті атқарушы органдардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Салтанатты іс-шара бітірушілердің Жауынгерлік тумен қоштасуымен және жас лейтенанттардың дәстүрлі вальс биімен аяқталды.          «Армия әскери істің, тактикалық шеберліктің, жауынгерлік іс-қимыл жүргізу өнерінің негіздерін үйретті. Армия – әр азамат өтуге тиісті есею мектебі. Барлық оқыту кезеңінде біз әскери-әуе күштерінің авиациялық бөлімдерінде мықты даярлық пен жауынгерлік тәжірибеден өтіп, авиациялық техниканы пайдаланып ұшу және техникалық тұрғыда пайдалану дағдыларын іс жүзінде үйрендік», - деп Әуе қорғанысы күштері әскери институтының лейтенанты Дархан Шәукебай атап өтті.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"