Жанұядағы жағдай назардан тыс қалмайды

36739 әскери бөліміндегі әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі бөлімі ай сайын  әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен кездесіп, моральдық- психологиялық тұрақтылықтарын, үйдегі жай-күйін, тұрмыстық және отбасылық мәселелерін анықтап, қажет болған жағдайда көмек көрсетуде.

Мәселен, бөлім қызметшілері әскери отбасылардың мүшелерін айтулы мерекелерде, туған күн кештерінде құттықтап, балалардың бос уақыттарында спорттық немесе өнер сайыстарын өткізіп, саябақтар мен мәдени орталықтарды аралатып тұрады. Жуырда 2018 жылға арналған әйелдер кеңесінің жоспарына сәйкес, штаттан тыс тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Жандос Бимағамбетов пен әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі бөлім хатшысы кіші сержант Набира Қожакелдиева әскери қызметші Бахтияр Сейдолланың үйіне барып, отбасы мүшелерімен кездесті. Нәтижесінде бірқатар отбасылық мәселелерге көңіл аударып, оның оң шешім табуына септігін тигізді.

Жалпы, Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі бөлімнің негізгі мақсаты – әскери отбасыларда туындайтын қиындықтар мен әртүрлі мәселелердің шешімін табу болып саналады.

Майор Дастан Қойлыбаев,

                                                                           36739 әскери бөлімі аға офицері


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"