Жаңа жылдық тарту

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Өскемен гарнизонында  әскери қызметшілердің мүмкіндігі шектеулі балалары, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасылардың балалары мен «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап қайырымдылық шара ұйымдастырылды.

Бұл жолы гарнизон басшылығы корпоративтік кештің орнына балаларға тамаша көңіл-күй мен жаңа жылдық мереке сыйлауды жөн көрді. Өскемен қаласындағы облыстық драма театрында балалар назарына «Бремен музыканттары» көрсетілімі қазақ тілінде ұсынылды. Аяз ата мен Ақшақар қалашықтағы үйлерді аралап, әскери қызметшілердің мүмкіндігі шектеулі балалары, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасылардың балаларына «Шығыс» өңірлік қолбасшылық әскерлер қолбасшысы генерал-майор Нұрлан Қашағанов мырзаның атынан арнайы сый-сыяпаттарын таратты. Жаңа жылдық көңіл-күймен, әр шаңырақта безендірілген шырша жанында балақайлар ән салып, би билеп Аяз ата мен Ақшақарға өз өнерлерін көрсетті. Осындай ұйымдастырылған мереке қарсаңындағы іс-шарада түрлі сый-сыяпаттарға ие болған балалар жаңа жылдық тамаша көңіл-күйге бөленді.
Мұндай  шараларды гарнизон басшылығы болашақта да жалғастырмақ.
Ал, 31 желтоқсанда мерзімді қызметтегі  әскери қызметшілердің казармадағы
үй-жайларында патриоттық рухты көтеруге арналған концерттік бағдарламалар мен көрсетілімдері ұйымдастырады. Сонымен қатар әскери бөлім командирінің тәуліктік нарядтың жеке құрамын жаңа 2018 жылмен құттықтауы жоспарланған.
Капитан Нұржан Малғаждаров
27943 әскери бөлімі

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"