Жаңа әдістер ұсынылды

Жаңа әдістер ұсынылды

Қорғаныс министрлігінде комиссияның жаңа төрағасы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Әбілқайыр Сқақовтың жетекшілік етуімен ҚР Қарулы Күштерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың орындалуын бақылау жөнінде комиссия отырысы өтті.

Кеңесте қолданыстағы тетігі қаралды. Сондай-ақ Қарулы Күштерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды одан әрі жетілдіру бойынша жаңа әдістер ұсынылды. Жемқорлық деңгейінің төмендеуі Қорғаныс министрлігі қызметінің басымдық бағыттарының бірі болып табылады. Бұл бағыттағы жұмыстағы маңызды рөл әскери қызмтешілердің жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру және жемқорлыққа ғана емес, сонымен бірге, армиялық ортадағы кез келген құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеу жағдайын қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыратын комиссияға бөлінеді. Кеңес барысында комиссия төрағасы ҚР Қорғаныс министрі Н. Ермекбаевтің қатаң талаптарын жеткізді. Басты негіз жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың тиісті орындалуы, адами фактордың болуын барынша азайту, сондай-ақ жергілікті әскери басқару органдары қызметінің ашықтылығын қамтамасыз ету туралы «қатардағы жауынгерден бастап генералға дейін» барлық деңгейдегі басшылардың дербес жауапкершілігі болып табылады. Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған Қарулы Күштерде барлығы ағымдағы жылдың өткен кезеңі бойынша 6804 іс-шара өткізілгенін айта кету қажет. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 17 пайызға көбірек. Құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесе қабылданған шаралардың нәтижесінде Қарулы Күштердегі жемқорлық қылмыстың деңгейі 6%-ға, ал әкімшілік жемқорлықтың құқық бұзушылықтары 100%-ға төмендеді. Кеңес қорытындысы бойынша жемқорлықтың деңгейін төмендету мен оның әскери ортадағы ұғымын түп тамырымен жоюға бағытталған тиімді іс-қимылдар жоспарын әзірлеу туралы шешім қабылданды.



Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства