Жамбыл облысы жергілікті әскери басқару органының жетістіктері

Жамбыл облысы жергілікті әскери басқару органының жетістіктері

Бағынысында 15 қалалық және аудандық әскери комиссариаттары бар Жамбыл облыстық әскери комиссариаты 1939 жылы 1 желтоқсанда құрылды.  Ал 2004 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің Директивасына сәйкес, Жамбыл облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті болып өзгертілді.

Қашанда қызығы мен қиындығы қатар жүретін әскери өмірдің бұлтарысы көп, таңдаған мамандығының қыры мен сырын шебер меңгеруінің арқасында, әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жеке құрамның моральды-психологиялық климатты, өмірі мен тұрмысын жақсарту  арқасында, жалпы қызметтік іс-әрекет бойынша  Жамбыл облысы Республика бойынша жергілікті әскери басқару органдары арасында 2013, 2014 және 2015 жылдары үш жыл қатар бірінші орынды иеленіп, «Үздік Департамент» атағына ие болып, вымпел Департаментте қалды. 

Ал 2016 жылдың алдын ала қорытындысы бойынша бірінші үштіктегі орынға ие болып, мақтау қағазымен марапатталды.

Жамбыл облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғанысты ұйымдастыру, әскери есепті және запастағы әскери міндеттілерді брондау, әскерге шақырылушыларды есепке алуды, азаматтарды тіркеу учаскелеріне есепке алу, келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді әскерлерге іріктеу және жинақтау,  азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру,  жоғары әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу, әскери-техникалық мамандар даярлау жұмыстарымен және облысымыздағы Ұлы Отан соғысы, Қарулы Күштері  ардагерлерін, интернационал-жауынгерлерді есепке алумен  айналысады. Атап айтқанда, әр азаматтың болашақта әскери өмірге қадам басуы осы жергілікті әскери басқару органдары табалдырықтарынан басталады. 

Осындай шаралардың өткізілуіне  Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығы полковник Бақыт Құдайбергенұлы  Әбдібаевтың қосар үлесі зор.

Полковник Б.Әбдібаев 2012 жылдың 7 шілдесінен бастап Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығы лауазымында қызмет атқарады.

Ол өзінің әскери өмірін 1979 жылы  Львов қаласындағы әскери – саяси училищесі курсанттығынан бастаған. Қазақстан Республикасы жергілікті әскери басқару органдары жүйесін 1990 жылы Жезқазған облысы Сатпаев қалалық әскери комиссариатын бастап, қазіргі таңда 27  жылдан аса қызмет атқарды. Биыл міне 55 жасқа толып,  Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері зейнеткері, запастағы полковник атағына ие болды.

Полковник Б.Қ. Әбдібаевтың  әскери, еңбек тәртібін және құқықтық тәртіпті нығайту бойынша тынымсыз еңбектерінің арқасында облыстық жергілікті әскери басқару органдары жеке құрам арасында рухани – адамгершілік қатынас орнап, моральды –тұрақты ұжымдар қалыптасты.

Полковник Б.Әбдібаевтың жеке бастамашылығы бойынша Департамент, облыстық жинақ пункті, Меркі және Жуалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімдері мекемелерінің ғимараттары күрделі жөндеуден өтті, Т.Рысқұлов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шатыры жабылды, ал Шу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі үшін жаңа ғимарат бөлінді, жергілікті атқарушы органдар әкімдіктермен тығыз қарым-қатынас жұмыстары ұйымдастырылды. Барлық қорғаныс істері жөніндегі қала басқармасы мен аудан бөлімдеріне жергілікті бюждет есебінен автокөлік техникасы, компьютерлермен, ұйымдастыру техникалары бөлінді, бұл жұмыс сапасын едәуір жеңілдетті.

Жастар мен армия арасындағы өзара байланысты нығайту, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің оң беделін арттыру, әскери қызметті насихаттау және жастардың арасында әскери-патриоттық туған жеріне, туған халқына деген сүйіспеншілік сезімін, мемлекеттің гүлденуі үшін жұмыс істеу ниетін, оны қорғауға дайын болуды қалыптастыру мақсатында, Ұлы Отан соғысы, Қарулы Күштері ардагерлерімен, жауынгер интернационалисттермен тығыз байланыс жасай отырып, болашақта әскерге шақырылушы және әскерге шақырылатын жастарды тәрбиелеу бойынша үлкен әскери-патриоттық жұмыстар атқарды.

9 мамыр Ұлы Жеңіс күнін және 7 мамыр «Отан қорғаушылар» мейрамын дәстүрлі түрде атап өтуге байланысты, Жамбыл облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде әскерге шақырылушылармен «Мен Отанды қорғауға дайынмын!» атты әскер қатарына салтанатты шығарып салу рәсімі, Облыстық білім беру басқармасымен бірлесе отырып, жалпы білім беретін мектептер мен колледждерде «Сапта жүріп ән айту»,  бастапқы әскери дайындық оқытушы ұйымдастырушылар байқаулары, әскери-патриоттық клубтар арасында  «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынына іріктеулер, «Ерлік сабақтары», «Сұңқар» әскери-патриоттық ойындары ұйымдастырылды.

 

 

 

 

Облыстың мекемелерімен, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықпен «Ұлттық әскеріміз - Тәуелсіздік тірегі», «Әскер - елдің айбыны», «Отан – ерін ұмытпайды», «Айбынды әскеріміз – сенімді қорғанымыз» атты патриоттық мәдени-көпшілік іс-шаралар, кездесулер өткізілді.

«Жас ұлан» Республикалық армия әндерінің фестивалін жыл сайын өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің  2013 жылғы 2 шілдедегі № 319 бұйрығына сай, жастар арасында ғылыми-техникалық шығармашылықты танымал ету, оларға тәрбиелік ықпал етуді арттыру мақсатында ұйымдастырылған, Астана қаласында 2016 жылғы 26 мен 30 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Жас ұлан – 2016» 18-ші республикалық армия әндері фестивалінің қорытынды турында облыс жастарымыз екінші орын иегерлері атанды (2015 жылы бірінші орынды иеленді).

 

 

2016 жылғы қыркүйек-қазан айларында Жамбыл облысының жергілікті әскери басқару органдары және білім беру басқармаларының  ұйымдастыруымен, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерилері қолбасшысының келісуімен  «Ашық есік» акциялары өткізілді.

 

 

Жамбыл облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті басшылығы күзгі алғашқы жөнелту кезеңінде, болашақ Отан қорғаушылардың  тұрмысы мен өмірінің алғашқы сатысын ата-аналары білу мақсатында, ашық есік күнін өткізді.

 

 

Полковник Б.Әбдібаевтың басқаруының арқасында  жергілікті әскери басқару органдары арасында жыл сайын Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Қазақстанның Тұңғыш Қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовті еске алуға арналған облыстық спорттық спартакиада, ал ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Оңтүстік Қазақстан облысының жергілікті әскери басқару органдарымен спартакиада өтті.

Спартакиадаларға  әскери қызметшілер отбасы, мерзімді әскери қызметке шақырылушылар, әскерге дейінгі жастар, ҚР ҚМ ӘТМ курсанттары, жауынгер-интернационалтерді, жергілікті атқарушы органдар өкілдерін шақырылды.  

Азаматтарды әскерге шақыруды сапалы, келеңсіз оқиғаларсыз, кедергілерсіз өткізу мақсатында, Жамбыл облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде әскерге шақыру кезеңі алдында облыстық жергілікті әскери басқару органдары әскери қызметшілері,  облысымыздағы Тараз қаласы мен он бір аудан әкім орынбасарлары, денсаулық сақтау басқарма басшылары, әскерге шақырушылардың денсаулығы жарамдылығын тексеретін облыстық жинақ пункті дәрігерлерінің қатысуымен екі күндік нұсқаулық - әдістемелік сабақтар өткізілді.

Әскери міндетті запастағы офицерлер мен келісімшартты әскери қызметшілердің әскери жиынға шақыру өткізілді.

Запастағы офицерлерді,   келісімшартты әскери қызметшілерді жоғарғы басшылық жасағы бойынша әскерге шақыру  және т.б. көптеген жұмыстар атқарылады.

Жұмылдыру және жауынгерлік дайындық, запастағы офицерлерді, солдаттар мен сержанттарды  тағайындау жұмыстар жоғары деңгейге көтерілді. 

Жыл сайын Спасск қаласында өтетін командирлік жиында облыстық  қорғаныс істері жөніндегі қала басқармасы мен аудан бөлімдері бастықтары жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді.

Өткен жылдың желтоқсан айында облыс бойынша жалпы  және орта білім беру мекемелерінен оқитын жастар бойынша тізім алынып жыл сайын қаңтар айының алғашқы күндерінен бастап жастарды әскери есепке тіркеу жұмыстары жүргізіледі. Биылғы жылы да бұл жұмыс жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыса отырып ұйымдастырылып өткізілуде.

 

Жамбыл облысының  жергілікті әскери басқару органдарының осындай қол жеткізген жетістіктері үшін,   Департамент бастығы полковник Бақыт Әбдібаевқа жеке құрам атынан алғыс айтқымыз келеді.





Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений