Көктемгі шақыруда орта білімі барларға ерекше назар аударылады

Ертең көктемгі әскерге шақыру науқаны басталады. Биылғы жылы мерзімді әскери қызметке кейінге шақырылуға құқығы жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы, сондай-ақ оқу орындарынан босатылған, жасы 27-ге толмаған және шақырылым бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген 30 мыңға жуық қазақстандық шақырылуға жатады.

«Әрбір шақыру науқанының өзіндік ерекшеліктері болады. Көктемде орта-арнаулы және орта білімі бар бозбалалар шақырылады. Себебі, Қарулы Күштер мен басқа да әскерлерге заманауи қару-жарақ пен әскери техника келіп түседі. Оларға қызмет көрсету қажет, функционалдық міндеттерді орындау үшін дайындалған мамандар керек. Дайындық жұмысы барысында шақырылушыларды зерделеу, алдын ала медициналық комиссия жүргізіледі. Осы жұмыс негізінде шақырылушылардың тізімі жасалады», - деді ҚР ҚК Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары полковник Амантай Үсербаев. 2016 жылғы қаңтар мен наурыз айы аралығында Қазақстан бойынша шақыру учаскелеріне 1999 жылы туылған 100 мыңға тарта азамат тіркелгенін естеріңізге сала кетейік. Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, мектеп-интернаттарының шәкірттері мен жетім балаларға, сондай-ақ көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына, әсіресе, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусына ерекше көңіл аударылды. Қазіргі уақытта 2 мыңға  жуық адам Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына түсуге ниет білдіріп отыр.

Cвязанные новости:
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"