Ерлікке баулыды

   «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Таврия ауылдық орта мектебі және Привольное ауылдық орта мектебінің 9-10 сынып оқушыларының қатысуымен «Ерлік сабағы» өтті.

Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру бағытындағы шара Ұлан ауданының тумасы, интернационалист-жауынгер гвардия майоры Мұрат Озанұлы Қожановтың туғанына 65 жыл толуына арналды. 1953 жылы 12 сәуірде дүниеге келіп, И.С.Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін бітірген, Қырғызстанда, одан кейін Ауғанстан Демократиялық Республикасының аумағында кеңес әскерінің құрамында интернационалдық борышын өтеу кезінде қаза болған Мұрат Қожановты еске алып, бір минут үнсіздікте тұрды. Мотоатқыштар батальоны командирінің орынбасары, штаб бастығы лауазымдарында болып, қайтыс болғаннан кейін Қызыл Жұлдыз және Қызыл Ту ордендерімен марапатталған боздақ туралы мол мағлұмат берілді. ШҚО ауған соғысы ардагерлерлері кеңесі төрағасының орынбасары запастағы подполковник Олег Фролов, кеңес мүшесі запастағы подполковник Александр Долгов, «Нұр Отан» партиясы ШҚО филиалының баспасөз хатшысы Қанат Оралбек және 27943 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жауынгер ерлігі жайында сыр шертті.

Сұхбат алаңы бағдарламасында «Я помню! Я горжусь!» тақырыбында әдеби-музыкалық композиция мен әскери-спорттық эстафета да ұйымдастырылды. Сабақ соңында балалар мен жастардың бұқаралық ақпарат құралдарының XIV халықаралық «Бақытты жұлдыз астында: бізге жаңа әлемде өмір сүру керек!» медиафестивалін өткізудегі балалардың әлеуметтік бастамалары мен қоғамдық қозғалысын қолдауда қолғабыс тигізгені үшін 27943 әскери бөлімінің командирі подполковник Мұрат Арапбаев пен идеологиялық жұмыс және арнайы насихат жөніндегі аға офицер капитан Нұржан Малғаждаровқа «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымдарының Одағы ҚБ президенті Е.А.Дмитриенконың алғыс хаты да табыс етілді.

 

   Алуа ИСКАКОВА

Суреттерді түсірген автор


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"