Ерлік сабағын өткізді

Ерлік сабағын өткізді

Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушілері қысқы демалыс уақытында жасөспірімдерді мамандыққа баулу, мектептің имиджін көтеру, сонымен қатар, жасөспірімдердің бойында патриоттық рухты көтеру мақсатында өздерінің тұрғылықты қалаларының мектептерінің оқушыларымен «Ерлік сабағын» өткізуде.

Осы ұландардың бірі – Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушісі ұлан Рахим Мадияр Орал қаласындағы №46 мектептің 7, 8, 9 сынып оқушыларымен кездесті.

         Кездесу барысында ұлан М.Рахим жасөспірім оқушылармен тез тіл табысып, өзінің және еліміздің әрбір азаматының Отан алдындағы борышы, міндеттері туралы айтып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, оқу орны жөнінде мәліметтермен таныстырып, сонымен қатар, әскери мамандық туралы әңгіме жүргізді.

         Жүргізілген ерлік сабағы барысында мектеп оқушылары өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алып, қазақтың тұңғыш генералы, Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымовтың өмірбаянымен танысты.

 

Қызметкер Сымбат БАҚБЕРГЕН

Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебі

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи