Ерлік - елдің қасиеті, жүректілік - жігіттің қасиеті

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының бітіруші түлектері ІІ дәрежелі «Ел қорғаны» медалімен марапатталды.

Курсанттардың жеткен жетістігі, институт ұжымының жеңісі, еңбегінің жемісі десек, орынды болар. Курсанттар өздерін халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық деңгейде ұйымдастырылатын ғылыми жобаларда, спорттық жарыстарда, интеллектуалды сайыстарда жоғары нәтиже көрсетіп келеді.  Мұндай биік белестерді бағындырған білім алушылар Қарулы Күштерге қосқан үлесі үшін «Ел қорғаны» медалімен марапатталады. Ендігі кезекте осы марапатқа ие болған курсанттарға тоқталып өтсек:

Жұбандықов Қайыржан Талғатұлы – Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты радиобағыттау факультетінің 5 курс курсанты. Болашақ офицер маман оқуда және жауынгерлік дайындықта үздік көрсеткіш көрсеткені үшін, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қосқан үлесі үшін «Ел қорғаны» медалімен марапатталды. Курсант Қ.Жұбандықов – республикалық интеллектуалды олимпиаданың жеңімпазы. Ведомоствоаралық конференциялардың қатысушысы. «Үздік спортшы жауынгер» спорттық атағының иегері, ҰОС 70 жылдық мерейтойына арналған парадтың қатысушысы. РЭжБӘИИ «Алтын белгі» медалінің үміткері.

«Ел қорғаны» медалімен марапатталған курсант – Темірлан Мұқатаев. Ол –  аталған институттың радиобағыттау факультетінің түлегі. Курсант Т.Мұқатаев – ТМД жоғары оқу орындарының курсанттары арасында өткен халықаралық олимпиаданың және ҰОС 70 жылдық мерейтойына арналған парадтың қатысушысы, «Үздік спортшы жауынгер» спорттық атағының иегері. РЭжБӘИИ «Алтын белгі» медалінің үміткері, ведомоствоаралық ғылыми-зерттеу конференцияларының және республикалық, қалалық ЖОО студенттері арасында өткен дебаттардың жеңімпазы.

Жігітке жеті өнер де аз. Жоғарыда айтып өткендей, өзіне сенімді, сауатты ұрпақ – еліміздің жарқын болашағы. «Ел қорғаны» медалінде қашалып жазылған «Отаныңды сүй, халқыңа қызмет ет» деген қанатты сөз елді қорғаушы әрбір азаматтың жадында болуы тиіс. Егер Бауыржан Момышұлының сөзімен айтар болсақ, «Ежелден ер тілегі – ел тілегі. Адал ұл ер боп туса  – ел тірегі». Антына адал, еліне қорған болар азаматтарымыздың абыройы арта берсін.

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының бітіруші түлектерін бес жыл көлемінде алған білімдерінің жемісін көріп, білікті маман атанып, командирлер мен оқытушылардың және ата-аналарының үмітін ақтауларын тілейміз!

 

Сәуле ШАЯХМЕТҚЫЗЫ


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"