Ер борышы – ел қорғау

Еліміздің барлық өңірлерінің Қорғаныс істер жөніндегі департаментіне қарасты әскери комиссариаттарында көктемгі әскерге шақыру науқаны қызу жүріп жатыр. Қазірдің өзінде әскерге шақырылушылар арасынан «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар» анықталып, алғашқы лектері әскерге аттанып та кетті. Газетіміздің өткен сандарында да біршама облыстың әскери комиссариатындағы жағдайға тоқталған болатынбыз. Ендігі кезекті Батыс, Шығыс Қазақстан, Атырау, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласына берсек...

Атырау

Биылғы жүктемеге сәйкес Атырау облысы бойынша 800-ден астам   азаматты мерзімді әскери қызметке шақыру жоспарланған. Соның ішінде:

ҚР Қарулы Күштеріне – 325 азамат;

ҚР Мемлекеттік Күзет қызметіне – 15 -тен аса;

ҚР Шекара қызметіне – 160;

ҚР ІІМ Ұлтық Ұлан қызметіне – 300 - ге жуық азамат.

Әскерге шақырушы сарбаздардың басым бөлігі – толық отбасында тәрбиеленген жұмысшы отбасының балалары. Ал әлеуметтік жағдайы жақсы отбасылар көп жағдайда балаларын 40 күндік «Әскери-техникалық мектеп» курсында оқытады. Әскерге кеткен сарбаздар мен әскери комиссариат арасында үнемі байланыс болып тұрады, өйткені Қорғаныс істер жөніндегі департаментінен әскерге кетіп, борышын өтеп келген соң да сарбаздар департаментке келіп есепке тұрады.

Бір ғана мысал келтіріп өтсек, өткен жылғы күзгі шақырылымда Алматы облысының әскери бөлімінен алғыс хат келіп түсті. Ол хат негізі ата-анасының мекенжайына келуі тиіс болатын, алайда пошта қызметкері мекенжайды таппаған соң, келген мәліметке көз жүгіртсе әскери бөлімнен екен. Сонымен хатты облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментке әкелгенді жөн көреді. Көп кідірмей сарбаздың Ф.Оңғарсынова атындағы мектепте оқығандығы анықталып, әскерден тыс бөлімнің бастығы аға лейтенант Жасұлан Сатыбалдиев барып, ата-анасын мектепке шақырып, көпшіліктің алдында ата-анасына осындай өнегелі бала тәрбиелегені үшін алғысын жаудырады. Хат мекенжайын таппаған себебі сарбаздың жақындары жаңа пәтер алған екен. Хат иесін тапқанына біз де қуандық. «Сарбаздарымыз абыроймен борышын өтеп, аман-есен үйіне оралса, ол біздің жеңісіміз», - деп санайды Атырау облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің медицина қызметінің бастығы майор Асылхан Ербатыров.

Енді көктемгі шақырылым жұмысына ойыссақ, облыста дәрігерлік комиссия жұмысы өте қарқынды жүріп жатыр. Облыстық стоматологиялық емхананың тіс дәрігері Мендеш Жакуалиевтің айтуынша, қазіргі жастардың бірден - бір проблемасы – тіс. «Мен сонау Кеңес Одағы кезінен бастап еңбек етіп, осы облыстық әскери-дәрігерлік комиссияның мүшесі болып келе жатқаныма 30 жыл. Батыс өңірінде фтор, кальций сияқты элементтердің тапшылығын айта кеткен жөн. Адамның көркі – тіс болғандықтан, оны үнемі күту қажет. Неге десеңіз тісті емдемеудің соңы асқазан, созылмалы асқазан ауруы, асқазанның ойық жарасы, соңында тіпті асқазан қылтамағына апаруы мүмкін. Бұрын Кеңес заманы кезінде мектепке жыл сайын жылжымалы стоматологиялық кабинет келіп, тіс ауруының алдын-алу іс-шараларын жасайтын. Менің ойым сол замандағы қағиданы ұстансақ шақырушылардың саны да көбеймек»,-дейді Мендеш Жакуалиев.

Ал Атырау облыстық аурухананың терапевт маманы Шарипа Оразғалиеваның айтуы бойынша, әскерге шақырушылар көбінесе жүрекке шағымданады екен. «Содан кейін салмағы мен бойы сәйкес келмейді. Соңғы шақырылымды қорытындылайтын болсақ, әскерге шақырылушылардың арасында алғашқы орында тіс пен көз ауруы болып отыр», - дейді маман.

«Медкомиссиямен қиындықтар туған жоқ», - дейді Құрманғазы ауданынан әскерге шақырылушы Біржан Бекжан. Біржанның әскерге қызығушылығын 2009 жылы 7 мамырда өткен әскери парад оятқан. «Мен сонда бар болғаны 9 жастамын. Мектеп бітірген соң, Қостанайдағы полиция академиясына түсем деп ойлағанмын, алайда ол кезде мен ҰБТ тапсырмаған едім. Отбасында 3 ұл, 1 қыз бар. Әкем айтатын менің жігіт кезімде әскерге бармаған жігіттерге қыз қарамайтын деп. Мен үйдің үлкенімін. Әскерден абыроймен келді деп ауыз толтырып айтатындай іні-қарындасыма үлгі болуға тырысамын. Әскери борышымды өтеп келген соң, келісімшарт бойынша әскери қызметпен өмірімді байланыстырғым келеді. Мен арманыма бір табан жеткен сияқтымын!», - дейді Біржан Бекжан.

 

                          Атырау облысының Қорғаныс істері

жөніндегі департаменті

баспасөз қызметінің бастығы

капитан Урбайза Абитова

 

 

   Павлодар  

                        

Әскерге аттандыру сән-салтанатқа толы болады

 

Павлодар өңірінде де көктемгі мерзімді әскерге шақыру науқаны өтуде. Павлодар облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Нұрбол Зейнеловтың айтуы бойынша,  мерзімді әскерге шақырудағы негізгі мақсат – Қарулы Күштер және өзге де әскери құрылымдарды жас, денсаулығы мығым, психологиялық тұрғыда дайын сарбаздармен толықтыру, жинақтау.

Биыл көктемде еліміздің Қарулы Күштер және өзге де әскери құрылымдарына Павлодар өңірінен 1992-2000 жылдары туған 800 азаматты әскер қатарына алу жоспарланып отыр.

Іріктеу белгіленген қағида бойынша жүзеге асады. Яғни әскерге баратын азамат өзі туған жерінен басқа өңірде әскери қызметін атқару керек.

Жас сарбаздарды іріктеу және әскери бөлімдерге бөлу кезінде әскерге шақырылушылардың оған дейін алған мамандықтары мен білімдері де ескеріледі.

Нұрбол Қуантқанұлының пікірінше, бүгінде Қазақстан әскері - еліміз азаматтары үшін мақтануға тұрарлық күш, ал әскери қызмет – бедел мен мәртебеге ие.

Қазақстан әскері аралас тәсілде жасақталады. Атап айтқанда шақыру арқылы және келісімшарт негізінде. Нұрбол Қуантқанұлы өз сөзінде әскери қызметтен қашқан азаматтар қолданыстағы заң аясында әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын атап өтті. Ал әскерге шақыруды ұйымдастыру және өткізу жергілікті органдар тарапынан жүзеге асырылады. Әскерге шақырылушылар десанттық-шабуылдау әскері, теңіз жаяу әскері сияқты таңдаулы әскер түрлеріне және өзге де әскер және әскери құрылымдарға жасақталады. Міне, осыған орай Павлодар облысында әскерге жаңа шақырылғандарды салтанатты түрде шығарып салуды ұйымдастыру жоспарланып отыр. Шығарып салу рәсімдері ашық алаңдарда, қала және облыс аудандарының тарихи маңызы бар орындарында қалың жұртшылықтың қатысуымен өтеді.

     Қазақстан Республикасы Қорғаныс министірлігінде әскерге шақырылу және медициналық куәландыруды жүргізу тәртібі туралы сұрақтардың жедел шешімі үшін барлық кезеңде «жедел желі» жұмыс істейтін болады.  Жауапты лауазымды тұлғалар сіздерді қызықтыратын барлық сұрақтарға  түсініктеме беріп, жауап қайтарады.

                                                                            Павлодар облысы Қорғаныс істері жөніндегі

департаментінің баспасөз қызметінің

бастығы майор Тимур Жағыпаров

 

    Алматы                                                                                                                                                   

    Әрбір азаматтың борышы


Әскер – ел қорғаны. Әскери қызмет адамды әр қырынан шынықтырады. Осы орайда әскерге шақырылушыларға жүктелетін негізгі талап – олардың денсаулықтарының мықтылығы мен білім.
Биыл Алматы қаласынан 2000-ға жуық адам әскерге аттанады. Олар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, ҰҚК Шекара қызметіне, Мемлекеттік Күзет қызметіне, Ұлттық Ұланға жасақталады. Бүгінгі таңда Қазақстан Армиясы - ел азаматтарының мақтанышы, ал әскери қызмет қашанда беделді және мәртебелі болып қала береді.
 Өскелең ұрпақ Отан алдындағы борышын өтеу қажеттігін ешқашан ұмытпау керек. Отанды қорғау - елді қорғау. Ал елді қорғау - мемлекеттің тыныштығы болып табылмақ.

Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі

                                                     департаментінің баспасөз қызметінің бастығы

майор Кристина Новикова

 

 

Батыс Қазақстан

                                

Азаматтық борышты өтеуге ынталы

   Биылғы көктемгі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына, ҚР Президентінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 644 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және ҚР азаматтарын 2018 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына және 2018 жылғы 1 наурыздағы БҚО әкімдігінің № 41 қаулысына сәйкес барлық бағынысты қорғаныс істері жөніндегі басқарма, бөлімдерде ұйымдастыру, шақыру жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Биыл Батыс Қазақстан облысы бойынша 1991-2000 жылы туылған 900-ге жуық азамат әскер қатарына алынады.

         БҚО-нан ҚР Қарулы Күштеріне – 300-ден астам, ҰҚК Шекара қызметіне – 200-ге жуық, ҚР Мемлекеттік күзет қызметіне – 20-ға жуық,  сондай-ақ  ҚР ІІМ Ұлттық Ұланға – 300-ден астам жас аттанып, азаматтық борыштарын өтеп қайтады.

   Қазіргі таңда облыстың барлық Қорғаныс істері жөніндегі департамент, басқарма, бөлімдерінде медициналық комиссия құрылып, өз жұмыстарын атқаруда. Осы уақытқа дейін медициналық  куәландырудан барлығы – 1030-дан астам адам өтті, соның ішінде – 61 адам  жарамсыз болып табылды. Яғни барлық тексеруден өткендердің 6 % - ын құрайды. БҚО ҚІЖД-нің медициналық қызметінің  бастығы майор Жасқайрат Нурушевтің айтуынша,  медициналық комиссиядан өткен болашақ сарбаздардың 30 %-ында хирургиялық  аурулар – майтабан, арқа омыртқаның қисаюы, көкірек қуысының өзгеруі анықталған. Тексерілгендердің 21 % -нда терапиялық, яғни жүрек аурулары (жүрек ақауы, қан қысымының көтерілуі), 16,3 % - нда жүйке аурулары  кездескен. Жалпы медициналық тексеріс қорытындысы бойынша шақырылғандардың 76 % -ы әскерге жарамды саналған.

   «Міне, бүгін біз өз еркімізбен сапқа тұрып, әскер қатарына аттанғалы тұрмыз. Тәуелсіз еліміздің бейбіт өмірін қамтамасыз ету біздің алдағы міндетіміз. Сондықтан, ер жігітке лайық міндетті абыроймен атқарып, ел қорғаны боламыз деген сенімдемін. Замандастар, баршаңызға ақ жол тілей отырып, Отан алдындағы парызымызды тәртіптілікпен, ержүректілікпен, сабырлылықпен адал атқаруға шақырамын», - дейді БҚО Сырым ауданынан әскерге шақырылушы Тимур Аманғалиев.

                                                                       Батыс Қазақстан облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің

баспасөз қызметінің бастығы

міндетін уақытша атқарушы  Бауыржан Алтаяқов

                                                                   Оңтүстік Қазақстан

 

                          Әскер қатарын ең көп жасақтайтын облыс

 

Облыста көктемгі әскерге шақыру науқаны жоспарлы түрде өтуде. Жергілікті әскери басқару органдарының лауазымды тұлғаларының әскерге шақыруға дейінгі зерделеу жұмыстарының сапалы жүргізілгендігінен қазіргі кезде әскерге шақыру жұмыстарында айтарлықтай қиындықтар туындаған жоқ. Сонымен қатар ескере кеткен жөн, біздің облыс Қазақстан бойынша әскер қатарына ең көп мөлшерде азаматтармен жасақтайтын облыс.

 Оңтүстік Қазақстан облысынан 2018 жылдың көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде 2 мыңнан астам азаматты мерзімді әскери қызметке шақыру жоспарланған. Оның ішінде 450-ден астамы ҚР ҰҚК Шекара қызметіне, 700  -ге жуық азамат ҚР Қарулы Күштеріне, 800 - ден астамы ІІМ Ұлттық гвардияға, қалғаны басқа да әскери құрылымдарға шақырылады.

Әскер қатарына шақырылатын азаматтар бірінші кезекте аудан және қала Қорғаныс істері жөніндегі басқарма мен бөлімдері жанындағы медициналық комиссиядан сараптамадан өтеді. Қазіргі күнде медициналық комиссиядан өткен азаматтардың 10% -ы түрлі себептермен денсаулығы бойынша әскери қызметке жарамсыз болып, ал қалғандары жарамды немесе шектеулі жарамды болып отыр. Негізінен басым бөлігі майтабан, скалиоз, көз аурулары, неврологиялық, іш-құрылысы аурулары бойынша әскерге жарамсыз болып жатады.

Әскер қатарына шақырылғандардың ішінен денсаулығы бойынша медициналық комиссия кемшілігінен  кері қайтарылғандар болған емес.

Болашақ сарбаздарымыз нағыз патриоттар. Атап айтсақ, Бибол Мұрат Бегалыұлы – Ордабасы ауданының тумасы. Бірінші кезекте Отан алдындағы борышын өтеп келіп,  келешекте болшағын әскери қызметпен ұштастырмақ. Келісімшарт бойынша әскери қызметші болуды алдына мақсат етіп қойған.

Ал, Тойлан Сухраб Толқынұлы – Шымкент қаласының тумасы.  «Отан алдындағы борышымды үлкен абыроймен атқарып, ата-анамның үмітін ақтау – менің басты мақсатым», – дейді Сухраб.

Облыс жастарының әскерге баруға деген көзқарастары оң, алдыңғы жылдарға қарағанда ынта-ықыластары жоғарылай түскен. Шақырылушылардың пікірін тыңдау барысында байқағанымыз олардың әскерге барудағы басты себебі Отан қорғау әрбір азаматтың борышы деп есептейді. Шақырылушылардың көпшілігі әскерден кейін келісімшарт бойынша Отанына қызмет етуге дайын.

                                  Оңтүстік Қазақстан облысы Қорғаныс істері жөніндегі

департаменті  бастығының орынбасары

                                                                                         Ажымұқан Шынтаев       

 ШЫҒЫС

 

ҚОС БІРДЕЙ ШАРА

 

   «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы Семей гарнизонының 54770 әскери бөлімінде ҚР Қарулы Күштеріндегі белгіленген мерзімді қызметтерін өткерген жауынгерлерді әскер қатарынан шығарып салу және мерзімді қызметтегі сарбаздарды қарсы алу салтанаты өтті.

   Алаңға оқтай тізілген жауынгерлерді бөлім командирінің міндетін уақытша атқарушы подполковник Д.Кәкежанов құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. «Запасқа шығарылатын мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді көтермелеу туралы» бөлім командирінің бұйрығы оқылып, әскери тәртібі үлгілі және жауынгерлік дайындықта жетістікке жетіп, Отан алдындағы борышын жауапкершілікпен адал орындаған сарбаздарға мақтау қағазы табыс етілді. Отан қорғаушыларға дұрыс тәрбие берген ата-аналарға да алғыс айтылды. Мінбеге сарбаздар атынан ефрейтор Бақтыбек Аязбаев пен қатардағы Ділмұрат Ергеш шығып, зор ризашылықтарын білдірді. Шараға Семей қаласындағы №37 мектеп-гимназиясында құрылған «Намыс» әскери-патриоттық клубының жетекшісі Құрман Құсманұлы Тыштыбаев, ҚР ҚК  ардагері, запастағы подполковник Виталий Николаевич Беленко да қатысты. ҚР Қарулы Күштеріндегі белгіленген мерзімді қызметтерін өткерген жауынгерлер алдынан бөлімнің жеке құрамы салтанатты шерумен жүріп өтті.

   Бұл күні 54770 бөлімі әскери борышын одан әрі өтеуші мерзімді қызметтегі 19 сарбазбен толықты. Қапшағай қаласынан 2017 жылы шақырылған жауынгерлерге бөлімнің құрылу тарихы мен бүгінгі күнге дейінгі жетістіктері жайында қысқаша баяндалды. Алда тұрған мақсат-міндеттер де түсіндірілді. Отан алдындағы әскери борышты өтеуде қиындықты шыдаммен және қайратпен жеңіп, әрқайсысының еліміздің тыныштығын күзететін абыройлы азамат атанатынына зор сенім білдірілді. Сондай-ақ, сарбаздардың күнделікті хал-жағдайын біліп, әңгімелесу өткізетін әскери қызметші әйелдер  бекітілді. Оларға әскери қызметтің түрлері бойынша сабақтар өткізу және бөлім психологтарының қатысуымен күнделікті әңгімелесулер жүргізу де жоспарланды.

 

Алуа ИСКАКОВА

Суреттерді түсірген автор

 

      

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"