Елордалық шақырылушыларды Қазақстан армиясының қатарына салтанатты түрде шығарып салды

Елордалық шақырылушыларды Қазақстан армиясының қатарына салтанатты түрде шығарып салды

Жастар жылы аясында қорғаныс істері жөніндегі департаменті елордалық әкімдікпен бірлесе «Астана» концерт залында мерзімді әскери қызметке шақырылған бозбалаларды салтанатты шығарып салу рәсімін ұйымдастырды.

Іс-шараға Ұлы Отан соығысы мен Қарулы Күштердің ардагерлері, жергілікті билік органдарының, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың өкілдері, шақырылушылардың ата-аналары мен туысқандары, сондай-ақ шақырылған қонақтар қатысты. Шара қатысушыларына ұйымдастырушылар жастардың әскерде қызмет етулеріне насихаттауға бағытталған әскери-патриоттық көрме өткізді. Көрмеде атыс қаруының, әскери киім-кешектің үлгілері ұсынылды. Шақырылушылардың алдында Ұлы Отан соғысының ардагері Бекмәди Ахат сөз сөйлеп, жас Отан қорғаушыларға ұрпақ сабақтастығы, әскери дәстүр мен Отанымызды қорғау кезіндегі әкелеріміз, аталарымыз мен бабаларымыздың батыл ерліктерін еске салды. Іс-шара соңында концерттік зал сахнасында Қазақстан Қарулы Күштерінің өкілдері қоян-қолтық ұрыстың айла-тәілдері мен қызмет өткерудің өзге де элементтерін паш етіп, мерекелік музыкалық нөмірлерді ұсынды. 



Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи