Елордада әскери қызметшілерге арналған жекпе-жек залы пайда болды

Елордада әскери қызметшілерге арналған жекпе-жек залы пайда болды

Қазақстанның бас қаласында әскерлердің жауынгерлік даярлық материалдық оқу-жаттығу базасын жетілдіру аясында заманауи жекпе-жек спорт залы ашылды. Жаңа объект қазақстандық армияның қолданбалы әскери спорт түрін әрі қарай дамытуға қарқын берері анық.

Жекпе-жек залында тұрақты түрде арнайы бөлімшелердің әскерлері, сондай-ақ Ақмола гарнизонының жеке құрамы спорттық жарыстарға даярлық кезінде жаттығулар жүргізетін болады. Аталған зал көптеген жекпе-жек түрлері бойынша жаттығулар мен жарыстарды ұйымдастыру үшін (ринг, татами, гимнастикалық жарақтар, күштік тренажерлер) боксқа, күреске, қоян-қолтық күреске, армиялық қоян-қолтық күреске қажетті мүліктермен жабдықталған. Көрермендерге арналған панорамалық қарау алаңы қарастырылған. Осындай спорт объектілерін салу әскери қызметшілердің жауынгерлік және дене даярлығын арттыруға, сонымен қатар әскери спортты жан-жақты қолдау мене дамытуға кезекті жасалған қадам болмақ.



Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи