Елорда күніне орай әйел әскери қызметшілер қайырымдылық акциясын өткізді

Елорда күніне орай Қазақстан Қарулы Күштерінің әйел әскери қызметшілері Астанада қайырымдылық акциясын өткізді. «Батыр арулар» байқауының жеңімпаздары көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына пароходта керемет мереке ұйымдастырды.

Бұл күні 30-дан аса қыз балалар мен ер балалар Есіл жағалауында шағын саяхатқа аттанды. Әскери қызметшілер Қазақстанның астанасымен байланысты танымдық мағлұматтар айтты, әскери тақырыпта ой-танымдық және қызықты викториналар, аквагрим өткізді және балаларға естелік сыйлықтар сыйға тартты. Ал ойындар мен викториналар аяқталғаннан кейін балалар әйел әскери қызметшілер пісірген тәтті тосынсыйдан ауыз тиді. «Біз балаларға мереке сыйладық және өзіміз де жылулық сезіміне бөленіп, бір серпіліп қалдық. Балалар – ол біздің болашағымыз. Әскери қызметшілердің қамқорлығымен әртүрлі өңірде балалар үйі мен қарттар үйі бар. Біздің әскери бөлім балаларға арнап жиі шағын мереке және іс-шаралар ұйымдастырып тұрады деп айта аламын», - дейді 68665 әскери бөлімінің әскери қызметшісі сержант Санди Смағұлова. Армия мен әскери техника туралы жұмбақтарға ер балалар белсене жауап берді. Балалардың эмоциясы арқылы олардың дән риза болғандарын аңғаруға болады. Өздерінің балаларын алып жүрген ата-аналар да бұл акцияны жақсы қабылдады. «Әскери қызметшілер – өскелең ұрпақ үшін үлгі. Көптеген ер балалар мен қыздар әскери адам болуды армандайды. Сондықтан осындай қызықты кездесулерді өткізіп тұрған пайдалы», - деп олар атап өтті.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"