Ел қорғау – ерлердің ісі

Жуырда 40-шы «Отар» әскери базасында 700-ге жуық жас сарбаздың ант қабылдау рәсімі өтті. Мерекелік шараны «Оңтүстік» өңірлік әскерлер қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары полковник Е.Бятовтың ашты.

Полковник өз сөзінде «Бабаларымыздың найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған Тәуелсіз Қазақстаның қасиетті ұлан-байтақ жерін қорғау біздің жас ұрпаққа үлкен аманат, әрі біздің батылдығымызға, қайсар рухымызға үлкен сын деп ойлаймын. Әскери өмір адамды дәлдікке, төзімділікке, жауапкершілікке, шымырлыққа баулиды. Бұл жерде рухың оянып, туған жер, ана, әке, жалпы отбасы, Отан-ананың қадір-қасиетін терең бағамдайсың. Жаттығу алаңдарында соғыс техникаларының қыр-сырымен қанығып қоймай, қару-жарақпен атуды үйренесіңдер», - деді.

     Ал жас сарбаздар болса биылғы жылы әскер қатарына қабылданып, қазір Отар елді мекенінде Отан алдындағы борыштарын ойдағыдай өтейтіндерін жеткізді. Туған жерден жырақта жүргенде ғана елдегі ағайынның, жора-жолдастың қадір-қасиетін терең сезінесің. Ант қабылдау рәсіміне барлық жас сарбаздардың ата-аналары, ағайын-туыс, жора-жолдастары да келіп, мерекенің куәсі болды. Келген қонақтар жас сарбаздардың үй-жайларымен, күнделікті тіршілік жағдайларымен танысты.    

 

                                                                                             Капитан Е.Шағдабай


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"