«Ел қорғаны» медалін иеленді

Жыл басында ҚР Қорғаныс министрлігі қызмет бабында зор жетістікке жеткен әскери қызметшілерді марапаттауға арналған «Ел қорғаны» медалін бекітті. Награда ерекшеленген әскери қызметшілерді марапаттауға арналған.  

Сонымен ҚР ҚМ 2017 жылғы 10 мамырдағы № 209 бұйрығымен
І дәрежелі «Ел қорғаны» медалімен 18404 әскери бөлімі штабтық батальоны барлау ротасының командирі аға лейтенант Ержан Исақов, 18404 әскери бөлімі штабтық батальоны барлау ротасы арнайы мақсаттағы барлау тобының командирі аға лейтенант Артем Минко, барлау взводының командирі – 18404 әскери бөлімі штабтық батальоны барлау ротасының авиакөздеушісі лейтенант Сұңғат Талғатұлы Дәуленов марапатталды.
Ал ІІ дәрежелі «Ел қорғаны» медалімен 18404 әскери бөлімі штабтық батальоны барлау ротасының сержанты аға сержант Дархан Жұмақанов, 85395 әскери бөлімі мотоатқыштар батальоны мотоатқыштар бөлімшесінің механик-жүргізушісі сержант Манатбек Дүрәлиев, 21814 әскери бөлімі зымыран-артиллериялық кораблі электр-механикалық жауынгерлік бөлімі тобының командирі 2-сыныпты старшина Бекжан Жұмағұлов, 18404 әскери бөлімі артиллериялық дивизионының аға маманы (аға радиотелефонист) кіші сержант Алина Қабаева, Құрлық әскерлері Әскери институтының 4-курс курсанты Диас Байжұма, Құрлық әскерлері Әскери институтының 4-курс курсанты Әнуарбек Әлібеков, Әуе қорғанысы күштері әскери институтының 4-курс курсанты Сұлтанбек Арын, Әуе қорғанысы күштері әскери институтының 4-курс курсанты Әлібек Баймұрат, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының 5-курс курсанты Қайыржан Талғатұлы Жұбандықов, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының 5-курс курсанты Темірлан Елшатұы Мұқатаев марапатталды.
Сондай-ақ, ҚР ҚМ 2017 жылғы 18 мамырдағы № 226 бұйрығымен І дәрежелі «Ел қорғаны» медалімен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының басқармасы қаржы басқармасы бухгалтерлік есеп бөлімінің бастығы майор Валерий Зворыгин, бөлім командирінің көмекшісі (қаржы жұмыстары жөніндегі) – 27943 әскери бөлімі қаржы қызметінің бастығы капитан Жаңылгүл Дәуітханқызы Мұхамадиева марапат иесі атанды.
Ал ІІ дәрежелі «Ел қорғаны» медалінің иегері боп 20709 әскери бөлімі қаржы қызметі офицерінің (бухгалтерлік есеп жөніндегі) лауазымын уақытша атқарушы аға сержант Гүлжан Байкенова, 01785 әскери бөлімінің аға маманы (бухгалтері) кіші сержант Әлима Батырғожина танылды.
Бұл – марапаттың бастапқы иегерлері.  Еңбек еселенген сайын жүлдегерлерде көбейері даусыз. Ел қорғаны болар ел азаматтары мол болсын!

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"