Ел ертеңінің жарқын болатынына сенім мол

Рас, біз – ел қорғанысының қызметшілеріміз. Бірақ бұл дегеніміз – ел жаңалықтарынан тысқары қалып, саяси, экономикалық ахуалдарды назарға алмау деген сөз емес. Әскери сала мамандары таңның атысы, күннің батысы қызметте жүрсе де Жоғарғы Бас Қолбасшы – Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатымен, бірегей бастамасымен қолға алынған, халық игілігіне айналған шаруаларын мақтан тұтып, шапағатын сезінеді. Мәселен, оның 10-қаңтар күні жарияланған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы жылдың ең басты құжаты дер едім. Жолдаудағы он бағыт – іргелі істердің бастамасы, өркендеу жолының жалғасы, болашақ дамуының жоспары.

«Біз әлем елдерінің сенімі мен құрметіне бөленіп, брендке айналған тәуелсіз Қазақстанды құрдық», деп Елбасының өзі айтқандай, біз өткен жылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болдық. Ал енді биылғы қаңтар айынан оған төрағалық етудеміз. «Біз дүниежүзілік ЭКСПО мамандандырылған көрмесін өткізу үшін әлемдік қоғамдастық таңдап алған ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасындағы бірінші мемлекет болдық. Қазақстанда табысты жұмыс істеп келе жатқан нарықтық экономика моделі қалыптасты». Міне, еліміздің әлемдік аренадағы келбеті мен болмысы.
Орайы келгенде ойымдағыны бөліссем, Жолдау жолдарынан маған ұнағаны – Елбасының кезекті рет білім саласына назар аударуы. Өйткені, бұл – әскери білім алушыларға да қатысты, елдің келешегіне қатысты. «Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс. 2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу қажет. Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталды, ол 2021 жылы аяқталатын болады. Бұл – мүлде жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар», деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мұндағы міндеттер мен тапсырмалардың орындалатыны да күмәнсіз. Ендеше ел ертеңінің жарқын болатынына да сенім мол.
Полковник Айдос ДАМАЕВ,
91678 әскери бөлімінің командирі

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"