Ел әскеріндегі елеулі оқиғалар

Қорғаныс саласы – қауіпсіздік тірегі. Еліміздің Қорғаныс саласында болып жатқан жаңалықтар мен елеулі оқиғалар – ел егемендігі мен тұрақтылығының айнасы, айқын көрінісі.  Сонымен, биылғы 2018 жыл ел әскерінде қандай елеулі оқиғалармен есте қалды?

***

11 қаңтар Қазақстан Қарулы Күштерінің аты аңызға айналған Ауған соғысының ардагері, арнайы мақсаттағы 177-ші жекелеген жасақтың командирі, отставкадағы полковник Борис Төкенұлы Керімбаев 70 жасқа толды. «Қара» немесе «Төзімді» майор деген есімге қазіргі кезде отставкадағы полковник Керімбаев екінші «мұсылман» батальонының командирі болған кезде ие болды.

***

20 қаңтар ҚР Қарулы Күштерінің тәрбиешілер институты 25 жылдығын атап өтті. Бүгінде Қазақстанның Қарулы Күштерінде арналым бойынша мыңға жуық тәрбие құрылымдарының офицерлері – жеке құраммен жұмыс жасаудағы барлық деңгейдегі мамандар, әскери бөлімдердегі идеологиялық және психологиялық жұмыс мамандары мен ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары мен оқу орталықтарындағы оқытушылар қызметтік міндеттерін атқарып келеді.

***

14 наурызда Армиялық спортшылар Мароккода дзюдодан әлемдік бәсекеде жеңіс тұғырына көтерілді. Онда ефрейтор Ғұсман Қырғызбаев 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бас жүлдені жеңіп алды.

***

30 наурызда Қорғаныс министрлігінің комиссиясы Үшарал және Өскемен гарнизондарын тексерді. Онда әскерлердің жауынгерлік әзірлігін арттыру және жауынгерлік даярлық бойынша іс-шаралардың сапалы өткізілуі бойынша нақты тапсырмалар берді.

***

15 наурызда ҚК Бас штабының бастығы Алматы гарнизонының бірқатар әскери бөлімдерін кенеттен тексерді. Инспекция барысында жеке құрамның жауынгерлік кезекшілікті өткеру тәртібі, қару-жарақ пен әскери техниканы, байланыс құралдарын сақтау шарттары тексерілді.

***

2 сәуірде Әскери-теңіз күштеріне 25 жыл толды. Бүгінгі күні ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері Каспий жанындағы елдер арасында күштерді орын орнына қоюда лайықты орын алып отыр және Каспий өңіріндегі тұрақтылықтың кепілі болып табылатынын сеніммен айтуға болады. 

***

13 сәуірде Астанада ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттерінің әскери ынтымақтастығын дамыту мәселелері жөнінде Әскери комитеттің отырысы өтті. Отырыс барысында 2018 жылы жедел және жауынгерлік даярлықтың бірлескен іс-шараларын өткізу тәртібі талқыланды, ҰҚШҰ әскерлерді материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

***

14 сәуірде ҚР ҚК-нің тұңғыш әйел ұшқыш аға ұшқыш нұсқаушы лейтенант Ардана Ботай өздігінен ұшты. Өздігінен ұшу әрбір ұшқыштың мансабындағы маңызды кезеңдердің бірі екенін айта кету қажет.

***

7 мамырда Қазақстанда «Отар» 40-шы әскери базасында Елбасы – ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысы Н. Назарбаевтың қатысуымен Отан қорғаушы күніне арналған Жауынгерлік парад өтті.

***

8 маусымда Әскери ведомство басшысының жетекшілік етуімен «KADEX-2018» V халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесінде ұсынылған анағұрлым маңызды жобаларды талқылау жөнінде кеңейтілген отырыс өтті.

***

13 маусымда Қарулы Күштерде үздік тіл шебері таңдалды. ҚР ҚМ Кадет корпусының взвод командирі аға сержант Нарын Әшімов сайыс жеңімпазы атанды.

***

2 шілдеде АОСК-ның мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі «Қазақстан барысы-2018» жекпе-жегінің күміс белбеу иегері атанды. Ерасыл Қажыбаев «Әскер барысы-2018» атағына ие болды.

***

5 шілдеде ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлерін «Астанаға 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапаттады. Марапатталғандардың қатарында генерал-лейтенант Н. Поспелов, авиация генерал-лейтенанты А. Сорокин, авиация генерал-майорлары Ж. Сәндібаев, А. Жұманов, генерал-майорлар А. Ерниязов, Е. Оразов, В. Шацков полковниктер О. Жандосов, С. Бегіжанов, М. Ботин бар.

***

16 шілдеде Қазақстан мен Өзбекстан арнайы операциялар күштерінің бөлімшелері «Ерік дала» бірлескен тактикалық арнайы оқу-жаттығуының бірінші кезеңін өткізді.

***

17 шілдеде Қазақстанда республикалық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны басталды. Жиын қорытындысы бойынша әскери-патриоттық клубтар арасында бірінші орынды Б. Момышұлы атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің командасы еншіледі. Биылғы жылы жиынның бағдарламасына қатысушылардың «Ұлы дала әскері – «Мәңгілік Ел» тірегі!» Қарулы Күштер түрлерінің өкілдерімен кездесуі, «Айбын дарыны» зияткерлік ойыны, робот техникасы бойынша «Менің роботым» байқауы енгізілді.

***

28 шілдеде Қорғаныс министрі Армия халықаралық ойындарының ашылуына қатысты. Биылғы жылы Армия ойындары 7 мемлекеттің аумағында өтті, қазақстандық әскери қызметшілер ойынның 28 байқауының 14-іне қатысты.

***

1 тамызда «Отар» 40-шы әскери базасында Армия халықаралық ойындары басталды. Ел аумағында Армия халықаралық ойындары шеңберінде «Артиллериялық оқ ату шеберлері» байқауы, ұшқышсыз ұшу аппараттары есептоптарының «Сұңқар аңшылығы» сайысы және әскери байланысшылардың мүлдем жаңа сайыс түрі «Сенімді қабылдау» сайысы өтті.

***

7 тамызда бес елдің бітімгершілері бейбітшілік пен қауіпсіздікті ұстап тұру жөніндегі операцияда бірікті. «ҚАЗБАТ» қазақстандық бітімгершілік батальоны бұл күндері АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штатының «МакКрейди» полигонында бастау алған «Дала қыраны-2018» тактикалық арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуына қатысты.

***

8 тамызда 2018 ҚР ҚК-нің әскери қызметшілері «АрХО-2018» халықаралық байқауының абсолюттік жеңімпаздары атанды.

***

13 тамызда Ақтаудағы саммит барысында Каспий теңізіндегі қақтығыстарға жол бермеу туралы келісімге қол қойылды.

***
11 тамызда«Алабино» полигонында Армия халықаралық ойындары – 2018 сайысының жабылу рәсімі өтті. Сайыс қорытындысы бойынша ҚР ҚК құрамасы жалпы командалық үшінші орынды иеленді, Қазақстан құрамасының қоржынында 4 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль.

***
18 тамызда Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшілері өздерінің 20 жылдық мерейтойларын атап өтті. Бүгінде Әуе қорғанысы күштері Қарулы Күштердің анағұрлым мобильді және техникалық тұрғыдан жабдықталған түрі болып табылады.

***

20 тамызда Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығының базасында мергендер жұбының «Алтын үкі – 2018» халықаралық сайысы басталды. Онда әлемнің 12 елінің үздік атқыштары бақ сынасты.

***

4 қыркүйекте Қазақстандық сүңгуірлер Еуропа чемпионатының жүлдегерлері атанды. Қазақстан Қарулы Күштерінің қоржынын күміс жүлдемен Людмила Шумилова толықтырды.

***

4 қыркүйекте Қазақстандық әскери қызметшілер Индонезияда өткен Азия ойындарынан оралды. Онда Қазақстан құрамасы құрамында Армия орталық спорт клубының 26 спортшысы өнер көрсетіп, Қазақстан құрамасының қоржынын 10 медальмен толықтырды.  

***

1 қыркүйекте «Батыс – 2018» оқу-жаттығуының екінші кезеңі басталды. Барлау бөлімшелері шартты қарсыласты тауып алып, авиация мен артиллерияның атысын бағыттау, сондай-ақ заңсыз қарулы құралымдарды жою бойынша жалпыәскери бөлімшелердің  іс-қимылдарына арналған жағдай жасау бойынша іс-шараларды өткізді.

***

1 қазанда Қазақстанда ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің "Іздестіру - 2018" тактикалық арнайы оқу-жаттығуы басталды.   Оқу-жаттығуға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскери басқару органдары, барлау және арнайы мақсаттағы күштер бөлімшелері тартылды. 

***

4 қазанда Ольга Рыпакова Бейжіңдегі Олимпиада – 2008-дің күміс жүлдегері болып танылды.

***

19 қазанда Ливандағы Қазақстан дипломатиялық миссиясының басшысы қазақстандық бітімгершілермен сабақтар өткізді.

***

22 қазанда Десанттық-шабуылдау әскерлерінің негізін қалаушы Қапшағай гарнизонында орналасқан 35-ші гвардиялық десанттау-шабуылдау бригадасы өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өтті.

***

30 қазанда Қазақстанның әскери қызметшілері "Мызғымас бауырластық-2018" оқу-жаттығуына қатысты. Оқу-жаттығу Ресей  Федерациясы Қарулы Күштері Орталық әскери округі Свердловск оқу-жаттығу орталығының полигонында өтті.

***

4 желтоқсанда ҚР Қарулы Күштерінде жаңа оқу жылы басталды. Қазақстан Қарулы Күштерінде жаңа оқу жылы «Рухани жаңғыру» – жауынгерлік рух тірегі!» ұранымен өтеді.

***

18 желтоқсанда Қорғаныс министрі Гвардейск гарнизонына жұмыс сапарымен барды. Қазақстанның қорғаныс ведомство басшысы Нұрлан Ермекбаев Гвардейск гарнизонының құрамалары мен бөлімдерін тексеріп, оқу дабылы бойынша танк бригадасын көтерді. жүктеді.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"