Елімізге Армия ойындарына қатысу үшін Моңғолия мемлекетінің командасы келді

Армиялық халықаралық ойындарының тұңғыш рет Қазақстан аумағында ұйымдастырылатын «Мерген шебі» сайысына қатысу үшін Моңғолия мемлекетінің командасы «Ауыл» бекеті арқылы келіп жетті.

Сайысқа қатысушы команданы Моңғолияның Қарулы Күштері Бас штабының қару-жарақ бөлімінің бастығы полковник Бадарч Хадбаатар бастап келді. Подполковник Гомбосурэн Мягмарсурэн қазылар алқасының құрамынан болса, команданы полковник Сурмаа Тувшинбаяр жаттықтырады. Ал, капитан Батболд Батмагнай, капитан Нармандах Мунхбаатар, старшина-нұсқаушы Энхтушиг Орхонтуул, старшина-нұсқаушы Турмунх Хатантумур, старшина Цэрэндорж Баясгалан, аға старшина Адьяа Цогтбаатар, старшина Баттулга Мунхбат, аға старшина Нагиймаа Тугсжаргал, старшина-нұсқаушы Цэцгээ Баатар мергендер тобынан. Халықтық армияның негізінде 1921 жылы құрылған Моңғолияның Қарулы Күштерінде бүгінгі күні шамамен 10 мың адам қызмет етеді. Әскерге 18-ден 25 жасқа дейінгілер шақырылады. Әскери борышты атқару мерзімі 12 ай. Қарулы Күштердің резервінде 137 мың адам бар. Моңғолияның әскері 2002 жылдан бері БҰҰ және басқа да халықаралық мемлекеттермен бірігіп Сьерра-Леоне, Ирак, Этиоп, Эритрей, Батыс Сахара, Либери, Чад, Ауғанстан бейбітшілік мисссияларына қатысып келеді. Осы уақытқа дейін 3200-дей әскери қызметкер бітімгершілік операцияларында қауіпсіздікті қамтамасыз етті. Қазір Моңғолияның бітімгер әскері әлемнің алты мемлекетінде бар. Моңғол жерінде халықаралық деңгейде «Ханды іздеу», Ресеймен біріккен тактикалық «Дархан-1», «Дархан-2», «Дархан-3», террорға қарсы «Селенга-2011», «Селенга-2012», «Селенга-2013», сондай-ақ Қытаймен біріккен «Бейбітшілік миссиясы» жаттығулары бірнеше жыл қатарынан өтіп келеді. «Танк биатлоны жарысынан Моңғолия экипаждары қалған емес. Ал, халықаралық армия ойындарының мергендер сайысында тұңғыш рет бағымызды сынамақпыз. 17 мемлекеттің арасынан топты жарамыз деген үміт те жоқ емес. Даласы дархан, табиғаты таңғажайып Қазақстанның жеріне алғаш рет сапар шектік. Қонақжайлылығы ерекше әсер етті», деді сұхбат берген команда жетекшісі полковник Бадарч Хадбаатар.

   Айта кетейік, 30 шілде мен 13 тамыз аралығына белгіленген әскери мамандықтарға қатысты «АрМИ-2016» бағдарламасына далалық, әуе және теңіз дағдысы бойынша барлығы 23 байқау енгізіліп отыр. Қазақстандық құрама оның 21-іне қатысып, өзге мемлекеттердің Қарулы Күштерінің әскерилерімен бәсекеге түседі. Өткен жылы тек Ресей Федерациясының 11 полигонында бар-жоғы 13 байқау бойынша ұйымдастырылған еді. Биыл 20 полигонда болатын халықаралық ойынға Қазақстанның территориясы да қамтылды. «Мерген шебі» және «Артиллериялық атыс шеберлері» сайыстары Гвардейский поселкесінде тамыздың 2-9 күндері өтеді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"