Халықаралық Армия ойындары: ҚР десантшылары көш бастады

Армия халықаралық ойындары – 2016 додасы алаңынан алғашқы нәтижелер де белгілі болды. Қазақстанның десантшылары Новороссийскідегі «Раевский» полигонында «Десанттық взвод» халықаралық байқауы бірінші кезеңінің көшбасшылары атанды.

Қазақстан, Ресей, Белоруссия, Қытай, Иран, Мысыр, Венесуэланың құрамасы мен ӘДД ардагерлерінен құралған ААФЕҚО командасы Ми-8 тікұшағынан парашюттік десанттауды, жиналуды және 10 шақырымдық марш жүгіруді орындады. Сайыс қорытындысы бойынша Қазақстанның десантшылары бірінші орынға ие болды. Жерге қону алаңындағы жиналу бойынша Қазақстан үздік нәтиже көрсетті. Командамыздың артынан Қытай және Ресей табан тіреді. Әрі қарай Мысыр, Иран, Беларусь және Венесуэланың командалары жайғасты. Бұл командамыздың сенімді бастамасы. Алда сайыстың тағы да бірнеше күрделі кезеңдері тұр. Алайда, аралық қорытындыны негізге ала отырып, әрі қарай жарыстағы негізгі бәсеке алғашқы үш команданың арасында күшейе түседі деген болжам бар. Қатысушыларға экипаждарсыз взводтың спринтін орындауға, сулы учаскені жүзе отырып, атыс қаруынан оқ атуға тура келеді. Одан басқа, сайыс жүзе отырып, десанттың ұрыс машинасында (бронетранспортерында) оқ атумен қудалау жарысы, таулы эстафета, атыс қаруынан, гранатаатқыштардан оқ ату, жүзе отырып, сулы учаскені еңсерумен дәлдікке граната лақтыру, ал соңында дәлдікке жеке секіру түріндегі әскери сынақтар дайындауда.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"