Еліміздің барлық өңірлерінде әскери қызметшілер сенбілікке шықты

Бүгін Қазақстанның барлық аймақтарында  ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері сенбілікке шықты. Оған ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов қатысты.

Абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту бойынша іс-шараға ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық аппараты департаменттері мен басқармаларының, құрылымдық бөлімшелерінің, Астананың маңында орналасқан ҚР ҚК әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері мен азаматтық қызметкерлері, ҚР ӘҚК бас қолбасшысының басқармасы, «Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушілері, әскери полиция, бас әскери-медициналық басқармасының әскери қызметшілері шықты. Ақмола өңірлік гарнизонында сенбілік барысында әскери қызметшілер 3 мың көшет отырғызып, ҚР Қорғаныс министрлігінің Ильинка кентіндегі коттедж қалашығында, 68665 әскери бөлімінің аумағында, Тұран даңғылындағы «Астана жұлдызы» стеласынан бастап №31 көшеге дейін,  ҚӘ, ӘҚК және ӘТК бас қолбасшылары басқармаларының, Әскери полициясы бас басқармасы, Бас әскери-медициналық басқармасы, госпиталь, қорғаныс істері жөніндегі департаменттері, 14776, 83205 әскери бөлімдері, «Жас ұлан» республикалық мектебінің орналасуы орындарында, ҚР Қорғаныс министрлігінің әкімшілік ғимараттары айналасында абаттандыру және санитарлық тазарту бойынша жұмыстар жүргізді. Негізгі назар ҚР ҚМ Ильинка кентіндегі коттедж қалашығын көгалдандыруға бағытталды. Оған 915 әскери қызметші, азаматтық персонал және олардың отбасы мүшелері қатысты.  Әскери қызметшілер 1200 көшет: 250 долана, 250 шетен, 700 бәйтерек отырғызды. 68665 әскери бөлімінің аумағында 900 әскери қызметші мен олардың отбасы мүшелері атсалысты. Ол жерде 1 100 көшет отырғызылды. 52 әскери қызметші пен азаматтық персонал 23366 әскери бөлімінің аумағында 180 көшет, яғни, 100 терек, 50 долана, 30 шетен талы мен бұта қоршамының 10 мың бұтағын отырғызды. «Оңтүстік», «Батыс» өңірлік қолбасшылықтары, Аэроұтқыр әскерлері мен Алматы өңірлік гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерінде дәстүрге айналған көктемгі сенбіліктер 16 сәуірде басталғанын айта кетейік. Оған 26 703 әскери қызметші, азаматтық персонал мен олардың отбасы мүшелері қатысты.  10 171 ағаш және 1 535 гүл, оның ішінде қылқан жапырақты 3 252 көшет, 5 404 жапырақты ағаш көшеті, 1 515 жеміс-жидек ағаштарының көшеттері мен 21 495 тал-шілік отырғызылды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"