Еліміздің бағындырған шыңы

Еліміз тәуелсіздік алғалы міне, 27 жыл болды. 27 жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес ел болды. Бұл ата-бабадан келе жатқан асыл арманымыз.

1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз Президенті Нұрсұлтандай алып данамыз бар, дәстүріміз бен мәдениетіміз бар. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың рухы мен ерлігінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекетіміз бар. Бейбіт бабалар аңсаған заманда өмір сүрудеміз. Одан асқан бақыт жоқ шығар сірә?!

Көпжылдық тарихында толық еркіндігі болмаған еліміз XXI ғасыр табалдырығында осылайша тұғыры биік мекен ретінде көрініс тапты. Тәуелсіздігіміз жарияланғаннан бері көптеген табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі бекіп, еліміз өз қалауынша тіршілік етуде. Заманның ауыртпашылығын көп көрген ата-апаларымыз, қайтпас қайсар батырларымыз елін, жерін жау аяғына таптатпай сол жерінің қадамы үшін басын өлімге тіккен бабаларымыздың бойындағы ерен күш, биік рух жеңіске алып келді.

«Киелі неткен жер!

Батырлар дүрілден өткен жер,

Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер»,- деп ақын Мұқағали жырлағандай, бұл өлке нені көрмеді! Қанды шайқасты да, өзге мемлекеттің үстемдік етіп, билік жүргізуін де, аштық заманды да, табиғаттың дүлей күшін де, бәрін-бәрін көрді. Келешек ұрпаққа жету үшін хатқа хаттап, бәрін мәңгі өшпестей сақтап жазды. Бүгінде «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» жаймашуақ бейбіт өмірдің тәтті суын ішіп, тұзы мен тәтті ақ нанын жеп, қарнымыз тоқ, киіміміз бүтін, қайғымыз жоқ күн кешудеміз. Тәуелсіздікті қазақ халқы жүрегімен сезіну керек. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бүгінгі құдіретті күші – ел бірлігінде, ұлттар татулығында жатыр. Елбасымыздың көрегендігі мен саяси реформалардың жүзеге асуының арқасы бүгінгі тәуелсіздігіміздің шыққан шыңы деп білеміз! Осы тәуелсіздігімізді қадірлеп, қастерлеп, ары қарай елдің гүлденіп дамуы мен Отанымыздың тыныштығы жолында аянбай еңбек етуіміз қажет.

 

 

 

 

 

 

 

Подполковник                                                      А.НҰРМАХАНОВ

35748 әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жүмыстар жөніндегі орынбасары бөлім бастығы

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"