Броньдалған «Арлан» машинасы қару-жарақтар қатарына қосылды

Қазақстан армиясының жарақтандырылуына отандық өндірістің «Арлан» броньдалған дөңгелекті машиналарының бірінші партиясы келіп түсті. «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС шарт негізінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдеріне машиналарды жеткізіп берді. Одан басқа, кәсіпорынның инженерлері бөлімшелердің жеке құрамын оқытып-үйретті.

«Арлан» – бұл күшейтілген минаға қарсы қорғанысы бар көп нысаналы броньдалған дөңгелекті машина. Аталған үлгідегі машиналардың жарқыншақтарға төтеп беруге және жарылыстың қуатын ыдыратып жіберуге мүмкіндік беретін  үлкен жол саңылауы, V-тәріздес түпшесі бар.  Броньдалған машина жоғары минаға қарсы қорғанысқа ие және кез келген атыс қаруының оқ атуларына шыдайды. 

Машинаның жауынгерлік салмағы 16 тоннаны құрайды. Машинаның экипажы 2+8 адам, ол сағатына 100 шақырымға дейінгі жылдамдықты үдете түседі. «Машина өте керемет. Қазіргі кезде ол сынамада. Бірден оның ыңғайлылығын, жоғары қауіпсіздігін, оның толыққанды құрышталғанын, оқ өткізбейтін әйнектері де бар екенін атап өткім келеді. Көздеушіге оның ұлғайтып, жақындатып көрсететін қасиеті болғаны үшін ыңғайлы. 

 Атысты басқару толық компьютерлендірілген, сондықтан оқ атуды машинадан шықпай-ақ, талқандау арқылы жүргізуге болады»,  - деп броньды машинаның жарақтандырылуға келіп түскен бөлімшелердің әскери қызметшілері атап өтуде.  «Арлан» -50⁰С-тан + 50⁰С-қа дейінгі температура режімінде пайдаланудың қытымыр климаттық жағдайына толыққанды бейімделген.

 Алғаш рет әртүрлі модификациядағы және қару-жарақтағы «Арлан» броньдалған дөңгелекті машиналары ағымдағы жылдың маусымында Астанада өткен IV халықаралық «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесінде көрсетілді.  Бүгінгі таңда республикамыздың Қарулы Күштерінде мұндай техниканың баламасы жоқтың қасы.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"