Экстремизмге қарсы күрес – барлық қоғам ісі


            Қызылорда қаласының Әуе қозғалысын басқару орталығында әскери қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру мақсатында дөңгелек үстел өткізілді. Негізгі мақсат – жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру және оған қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті. Қазіргі кезде сыбайлас  жемқорлық  әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді.

«Коррупция» термині латын тілінің «corrutpere» деген сөзінен шығып, мағынасы жағынан «мемлекет организмін, қоғамдық қарым-қатынастарды бұзу» дегенді білдіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады. Жемқорлықты жеңу – Қазақстан үшін Елбасы Н.Ә. Назарбаев нақты белгілеген мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі. Сол себепті Президент өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясында дамыған мемлекеттің жаңа саяси басымдықтарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлықпен күресті атап көрсетті. Осыған байланысты 2014 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы бекітілді. Қорытындай келе, елдің болашағы жас ұрпақтың қолында екенін ұмытпағанымыз абзал.

            Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Дін мәселелерінде ойластырылған қадам және өте мұқияттылық қажет. Мемлекет діни бірлестіктердің ішкі ісіне араласпауға тиіс. Біз ұят, толеранттылық және төзімділік еркіндігі принциптерін қастер тұтуымыз керек» деп атап айтты. Әуе қозғалысын басқару орталығында әскери қызметшілердің қатысуымен терроризм мен экстремизмге қарсы да жиналыс өткізілді. Еліміздің болашағын Қазақстан Республикасының әрбір азаматы  қорғауға тиіс.

 

                                                             Капитан Айболат Елеулиев  

                                                      36739 әскери бөлімінің Қызылорда қаласы                          ӘҚБ орталығының кезекші аусым бастығы

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"