ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл

Екінші дүниежүзілік соғыстағы қазақтың офицер қыздары

 (Басы «Сарбаз» газетінің №9 (1761) санында)

 

 

                                                    ***

 

3.ДОСПАНОВА Хиуаз Қайыр-қызы (15.5.1922, бұрынғы Зормата ауылы Теңіз ауданы Гурьев облысы, қазіргі Атырау облысы  Құрманғазы  ауданы  Ганюшкино селосы – 21.05.2008. Алматы қаласы).

 

 

  - 2 –дүниежүзілік соғыстың қатысушы, қазақтың тұнғыш әскери офицер қыз штурман-ұшқышы. Қазақ.

           1940 ж.  Мәскеу қаласындағы медицина институтына оқуға түскен. 1941ж. жазда Мәскеудің 1-мемлекеттік Медицина институтының 1-курсын бітірген бойында өз өтінішімен Қызыл Армия қатарына алынып, Саратов қаласының әскери ұшқыштар училищесіне оқуға жіберіледі. Оны аяқтаған соң, атақты орыс ұшқышы Кеңес Одағының Батыры М.М.Раскова басқарған түнгі 46-гвардиялық бомбалаушы-ұшқыштар әйелдер полкі құрамында Ұлы Отан соғысына ұшқыш-штурман болып қабылданады. Полк шынымен де тек әйелдерге арналған болатын, олар пилот әрі штурман болып қана қоймай,механика және техника мамандары да болды.Авиаполктегі адам саны - 115 адам,қыздардың жасы бар болғаны 17-ден 22 жас аралығында еді. Бірінші Энгельстегі оқу,сосын 1942ж. алғаш жауынгерлік ұшу және бірінші жоғалтулар болды. Ұшақта екі қыздан ұшатын. Бұл екі ашық кабиналы ағаш биплан. Максималдық жылдамдық - 120 км/сағ. Пулеметтер бортта 1944жылы пайда болды,оған дейін қарулардан тек тапанша ғана.Тек түнгі мезгілде ұшатын, күндіз осындай ұшақ қарсылыстарға оңай нысана. Әр түнде қыздар 10-15реттен ұшуға баратын. Мақсаттарына жетіп, бомбаларды лақтырып және кері - жаңа снаряд үлестеріне оралатын. Соғыс жылдары ұшқыш қыздар 2 902 980кг бомба, 26 000 жалынды снаряд пайдаланған болатын. Соғыста 32 қыз мәңгілікке көз жұмды...

              Ұлы Отан соғысындағы алғашқы әскери тапсырманы 1942ж. 12 маусымында орындауға шығады. ПО-2 ұшағымен 300 астам жауынгерлік тапсырмамен әуеге көтеріліп шығып, ерліктеріне байланысты қыран қанат каһарман қыз атанған.  

              Солтүстік  Кавказ,  Кубань,  Қырым,  Украина  мен Беларусь, Польша мен Германияны жаудан азат ету жорық жолдарынан өтті. Звено командирі, полк байланысы қызметінің бастығы. Соғысты Берлинде аға лейтенант шенімен аяқтаған. 1944ж. Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған, бірақ берілмеген.

            ҚР  Президентінің  Жарлығымен Доспановаға Халық Қаһарманы атағы берілді (07.12.2004).

          Соғыстан кейін Орал облысы партия комитетінде еңбек істеді. Қазақстан  Жоғарғы  Кеңесінің  депутаты,  Жоғарғы  Кеңес  Төралқасының хатшысы,   Қазақстан   комсомолы  ОК-нің  1-хатшысы, Алматы  қаласы партия  комитетінің 2-хатшысы қызметтерінде болды.

       «Халқым үшін»  (әскери ұшкыштың әңгімесі, 1963). «Под командованием Расковой» (1965), т.б. кітаптары жарық көрген.

          Жазушы  Нұрперзент Домбайдың  «Ұшқыз қыз Хиуаз»  кітабі  жарық  көрді.

         «Эйр  Астана» ұшақ  «Хиуаз»  аты  берілді.   Алматы  қаласындағы  бір көшеге Доспанованың есімі беріліп.

          Атырау  қаласында  бюст  орнатылған.

        «Қызыл Жұлдыз» (26.12.1942.), 2-дәрежелі «Отан соғысы» (29.02.1944.), 1-дәрежелі «Отан соғысы»(21.02.1987.) «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, және көптеген медальдармен марапатталған.

 

***

 

4. КӨШКІМБАЕВА (Ережепова) Рахима Жанқұлқызы (1920ж. Караванный ауылы, Орынбор ауданы, Орынбор облысы, РСФСР – 2000ж.)     - 2 - дүниежілік соғыстың  қатысушысы.

       Орта білім алған соң, Алматы мемлекеттік Медицина институтына түсіп, аталған институтты   (1942) бітірген.

       Жұмысшы-Шаруа Қызыл Армиясына 1943ж. Алматы қаласындағы Фрунзе аудандық әскери комиссариатынан шақырылған. Мәскеу қаласында қысқа мерзімдік жас жауынгерлер курсына өтеді де, 1-Украина майданындағы эвакуациялық госпитальға жіберіледі. Содан бастап майдан даласындағы Курск, Белгород, Дембина, Краков , Глейвиц жолымен жүріп өтеді.

        Ұлы Отан соғысында 1-гвардиялық моторландырылған атқыштар дивизиясының 3-гвардиялық мотоатқыштар полкінің медицина қызметінің кіші дәрігері (1943-1945). Медицина қызметінің аға лейтенанты.

       2-дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «1945жж. Ұлы Отан соғысында Германияны женгені үшін» медалімен (03.12.1945.) марапатталған.

        Ұлы Жеңісті Германияның Дрезден қаласында қарсы алады. Соғыстан соң Қарағанды облыстық клиникалық ауруханада қызмет атқарған. Клиникалық ординатураны бітіреді. Одан соң көп жыл сол кездегі Свердлов совхозында тұрып, учаскелік аурухананың бас дәрігері болады. Денсаулық сақтау ісінің үздігі атағын алған. Бірнеше рет бұрынғы Ульянов, қазіргі Бұқар Жырау аудандық Кеңесіне депутат сайланған.

 

***

 5.ҚАРСЫБЕКОВА (КАРСЫМБЕКОВА) Гүлімжан Рахымжанқызы (1919, Шу қаласы, Жамбыл облысы) малшы отбасында дүниеге келген, кейбір мәліметтер бойынша 1921ж. туған. -2- дүниежүзілік соғыстың қатысушысы.

          Жұмысшы-Шаруа Қызыл Армиясына 1941ж. қыркүйегінде Алматы қалалық әскери комиссариатынан шақырылған. В.М.Молотов атындағы Алматы медицина институтын емдеу факультетін бітірген. Ұлы Отан соғысы кезінде Рыбинск, Углич, Ярослав, Ленинград, Новгород облыстарының госпитальдарында жұмыс істеді,  сондай-ақ   Польша, Германия, Австрия жерінде медицина қызметтерін атқарған.

          Ұлы Отан соғысында 59-Армияның № 3394 госпиталінде ординатор-дәрігер (1942-1945). Медицина қызметінің аға лейтенанты (1943).

        «Молодой, растущий врач-хирург в дни боев за Новгород самотверженно трудилась в распредительном пункте, центральном операционно-перевязочном блоке и в отделении госпиталя, где была сосредоточена основная масса тяжело раненых. Ею отлично обработана и отсортировано много сотен больных, оказано им своевременная квалифицированная хурургическая помощь. Несмотря на свою болезнь с высокой температурой, скрывая свое заболевание от командования госпиталя тов. Карсымбекова не оставляла своего поста, больше того старший лейтенант Карсымбекова успевала оказать отличную помощь неуспевающим коллегам врачам в других отделениях.

       В повседневной работе всегда неукоснительно выполняет указания командования, совершенно не считаясь с усталостью, недомоганием, лишь бы хорошо обслужить воинов.

      За свой труд тов. Карсымбекова достойно быть представлена к награде – орденом «Красная Звезда».

Начальник госпиталя № 3393 майор медицинской службы ВАСИЛЕНКО. 02.02.1944года.

Тов. Карсымбекова заслуживает награждения Правительственной награды орденом «Красная Звезда».

Начальник полевого эвакуационного пункта № 202 п/п-к медицинской службы ГОНЧАРОВ. 07.02.1944года.

Достоин награждения Правительственной награды медалью «За боевые заслуги».

Начальник санитарного отдела 59-Армии п-к медицинской службы ПАРАМОНОВ 16.02.1944.

Достоин награждения Правительственной награды медалью «За боевые заслуги».

Начальник тыла 59-Армии п-к БОГДАНОВ 16.02.1944.

Наградить орденом «Красная Звезда». Командующий войсками 59-Армии генерал-лейтенант КОРОВНИКОВ.

Член Военного Совета 59-Армии генерал-майор ЛЕБЕДЕВ 16.02.1944.

         Жеңісті 1945ж. 8-мамырында Чехословакияның Брно қаласында қарсы алған. Соғыс аяқталғаннан кейін Медицина институтында жұмыс істеді. Алматы өлкелік патологиясында қызмет атқарған.  1955 жылы кандидаттық диссертация қорғап, кейін медицина ғылымдарының докторы дәрежесіне жеткен.

          1955-ші жылдан 1985 жылға дейін Қарағанды мемлекеттік медициналық институтында кафедра меңгерушісі.  35 ғылыми жұмыстар мен зерттеулерінің авторы.

    1987-1995жж. Карсыбекова Ұлы Отан соғысының мүгедек емдеу орталығында жұмыс атқарған.

Аудандық және қалалық халық депутаттары Кеңесінің мүшесі, бір неше мәрте депутат болып сайланды. Қазақтың белгілі ақыны Кәкімбек Салықов «Дәрігер» деген әнін осы апамызға арнаған.

            Ленин, ІІ дәрежелі «Отан соғысы» (06.04.1985.), «Қызыл Жұлдыз» (16.02.1944.), ордендерімен және көптеген  медалдармен марапатталған. Президенттің алғыс хатын алған.

Қайрат ҚАРАМАҢДАЕВ

(Жалғасы бар)


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Армейские международные игры-2017: итоги в цифрах

Армейские международные игры-2017: итоги в цифрах