Астанада Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов пен Үндістанның Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы, генерал Бипин Раваттың кездесуі өтті.
Кездесу барысында Қазақстан мен Үндістан арасында екіжақты әскери ынтымақтастық жайында сөз болды. Атап айтқанда, әскери білім беру және ғылым, жауынгерлік даярлық, сондай-ақ аймақтық қауіпсіздік туралы мәселелер талқыланды.