Екідеңгейлі командалық-штабтық жаттығу

   30 қаңтар мен 2 ақпан аралығында «Шығыс» өңірлік әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – штабтар бастығының жетекшілігімен екідеңгейлі командалы-штабтық жаттығу өтті.

«Шығыс» өңірлік әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – штабтар бастығы полковник Талғат Қабдыбекұлы Исмаилов жетекшілік еткен жаттығу «Полкті жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтіру. Белгіленген жауынгерлік ауданға маршты жүзеге асыру. Арнайы операцияда барлауды ұйымдастыру мен жүргізу» тақырыбында болды. Жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтіру жоспарының шараларын орындауда 44736 әскери бөлімінің арнайы мақсаттағы құрылымдары мен басқарма органдары «Шығыс» жалпыәскери полигонында тәжірибе жинақтады. Жағдай туралы мағлұмат жинақтау және сараптау, шешім қабылдау, арнайы жауынгерлік қимылдарды жоспарлау, әрі бағынышты құрылымдарға жауынгерлік міндеттерді жеткізу жөнінде полктің басқарма органдарының және рота командирлерінің  жұмысы да тексерілді.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"