Душанбеде ТМД қорғаныс министрлері кеңесі Үйлестіру комитетінің отырысы өтті

Қазақстандық әскери делегация Душанбе қаласында әскери білім беру мәселелері жөнінде ТМД қорғаныс министрлері кеңесі Үйлестіру комитеті отырысының жұмысына қатысты.

Отырысқа сондай-ақ Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан қорғаныс ведомстволары әскери білім беруді басқару органдарының басшылары қатысты. Үйлестіру комитетінің отырысы барысында әскери білім беру және ТМД қатысушы мемлекеттерінің қарулы күштері үшін кадрларды даярлау, сондай-ақ жоғары әскери оқу орындары курсанттарының білім алу қызметін ынталандыратын халықаралық ынтымақтастықтың бағыттары мен үлгілеріне қатысты мәселелердің кең ауқымы қаралды.

 Қазақстандық тарап Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің математикадан жоғары білім беру ұйымдары курсанттарының ІІІ халықаралық олимпиадасының өткізілу тәжірибесі туралы баяндамамен сөз сөйледі. Қазіргі уақытта халықаралық ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде және ҚР ҚМ әскери институттарында ҰҚШҰ мүше мемлекеттерінің әскери қызметшілері білім алып жатқандарын айта кету қажет.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"