«Достастық жауынгерін» білесіз бе?

«Достастық жауынгерін» білесіз бе?

Армия халықаралық ойындарының деңгейі жыл өткен сайын артып келеді. Биыл соның шеңберіндегі «Достастық жауынгері» байқауында бас аталымды жеңіп алған әскери қызметшіні біреу білсе біреу білмес.
Ол – аға сержант Орынбек Сәндібеков.

Шілденің 27-і мен тамыздың 6-ы аралығында Беларусь республикасында өткен бұл байқауда достастық армиялары әскери қызметшілерінің әскери-кәсіби шеберлігі сыналды. Онда аға сержант Орынбек Сәндібеков байқаудың бас номинациясында жеңіске жетті.  
Қызу тартыс барысында «Достастық жауынгерінің» бас номинациясын байқау қатысушылары арасында үздік нәтижелер көрсетіп, аға сержант Орынбек Сәндібеков бас атылымды жеңіп алды. Бұл байқауда аға сержант Орынбек Сәндібеков 2015 жылы Қазақстан аумағында жеңіп алған чемпиондық титулын қайтарып алғанын және «Достастық жауынгері» сайысының екі дүркін жеңімпазы атанғанын айта кету қажет.
Одан басқа, номинацияларда жеңімпаз атанғандар бар. Мысалы,  «Мерген»  – аға сержант Олжас Ермеков (61993 әскери бөлімі), «Атлет» - аға сержант Асхат Байдәулетов (21450 әскери бөлімі), «Білімдар» - кіші сержант  Людмила Губарева (85510 әскери бөлімі). Әскери қызметшілеріміз «Атлет», «Кәсіпқой», «Мерген» байқауының үш негізгі кезеңінде жеңіп, жоғары деңгейдегі дайындықтары және жеңіске деген талпыныстарымен  ерекшеленді.  

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства