ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл

«Достастық жауынгері» әскери-кәсіби шеберлік байқауына арналған үздіктер таңдалды

«Достастық жауынгері» әскери-кәсіби шеберлік байқауына арналған үздіктер таңдалды
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ресми сайтынан алынған фото

«Достастық жауынгері» әскери-кәсіби шеберлік байқауына қатысу үшін Айша-бибі полигоны мен Тараз гарнизоны әскери бөлімдерінің базасында өткізілген үш күндік сайыстың қорытындысы бойынша анағұрлым дайындалған әскери қызметшілер таңдалды.

Іріктеу кезеңі сайыстың бес түрі бойынша өтті. Кәсіби дайындықты тексеру және бағалау үшін байқауға қатысушылар «Кәсіпқой» сайысы шеңберінде әскери кәсіби эстафетаны еңсерді. «Достастық жауынгері» байқауына қатысу үшін әскери қызметшілердің іріктеу кезеңі екінші мәрте өткізіліп отыр. Алғашқысы әскери бөлімдердің ауқымында өтті. Нәтижесінде 44 лайықты әскери қызметші, олардың қатарында жеті қыз айқындалды.

Байқау бағдарламасы «Атлет» әскери-спорттық сайысты, «Мерген» жауынгерлік даярлық пәндері бойынша байқауды, «Эрудит» зияткерлік туры мен «Кавалер» («Ханша») дарындылар байқауын қамтиды. Сайыс қорытындысы бойынша «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы бөлімдерінің бес ең лайықты әскери қызметшісі анықталды.

Оларға тағы бір іріктеу кезеңінен Қазақстанның Қарулы Күштері деңгейінде өтуге тура келеді. Мұндай сайыстардың өткізілуі әскери қызметшілердің жеңіске ұмтылуға, жоғары физикалық жүктемелер мен спорттық күрес жағдайларында жүйке-психикалық күш түскен кезде төзу қабілеттілігіне жетелейді. «Достастық жауынгері» әскери-кәсіби шеберлік байқауы биылғы жылдың жаз айында Беларусь Республикасында өтетінін айта кеткен жөн.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Армейские международные игры-2017: итоги в цифрах

Армейские международные игры-2017: итоги в цифрах