Дивизионның тәжірибелік қимылы

28738 әскери бөлімінің 3-ші реактивті-артиллериялық дивизионы «Шығыс» жалпыәскери полигонында теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде бекітті.

   Әскери бөлімнің 3-ші реактивті-артиллериялық дивизионы 220 мм 9П-140 «Ураган» әскери техникасынан 30-35 шақырымға дейінгі қашықтықта орналасқан нысанаға оқ атты. Алдымен жекелеген атыс жүргізіліп, кейін бірнеше дүркін оқ жаудырылды. Он алты реактивті снарядтың ұшырылуы машина командирі, нысанашы, механик-жүргізуші және қызмет көрсететін адамдардан құралған есептоптың ауызбіршілігінің нәтижесінде жүзеге асты. 

Артиллерист-жауынгерлер бірде-бір оқты мүлт жібермей, белгіленген нысанаға дәл тигізу үшін кәсіби білімдері мен біліктіліктерін көрсетті. Мәселен, 9-шы батарея командирі аға лейтенант Ертай Абдиров, нысанашы ефрейтор Самат Елеуов, есептоп бастығы сержант Болат Балғабаев берілген тапсырманы жауапкершілікпен орындады. Жеке құрам далалық жағдайда жауынгерлік әзірлігін жан-жақты жетілдірді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"