Десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің үзіктері

Алматы облысындағы десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің 11 әскери бөлімі арасында «Жауынгерлік достастық» сайысы аяқталды. Десантшылар бес күн бойы Жаркент қаласында орналасқан 74261 әскери бөлімінде 5 әскери-кәсіби кезеңнен тұратын сайыста бақ сынасты. Әскери қызметшілер кәсіби біліктілігімен қоса жауынгерлік дайындығы бойынша да бағаланды.  

3 ер және 1 әйел адамнан құралған әр команда  арнайы, ату және дене дайындықтары бойынша жарысқа түсті. Ату дайындығында қатысушылар жатып ату, тізерлеп ату, тұрып ату сияқты әртүрлі жағдайда қаруды жетік меңгерген мерген екендігін дәлелдеді.   Дене дайындығы кезеңіне граната лақтыру, 100 м, 1 және 3 км жүгіру, белтемірге тартылу, түрлі кедергілерден өту, автоматты шашып-жинау  сынды т.б тапсырмалар енгізілген.
Қатысушылар білектен ғана емес, білімнен де сыналды. Қазақстан тарихы мен халықаралық гуманитарлық құқық пәндерін қамтыған 50 сұрақтан тұратын тест тапсырмасы зияткерді анықтап берді. Қорытынды кезеңде әскерилер жауынгерлік дайындықтан бөлек шығармашылық дарын иелері екенін көрсетті.    
-    Бұл «АрМИ-2018» халықаралық сайысына дайындық кезеңі. Қамтылған кезеңдер соғыс алаңында орын алатын жағдайларға негізделіп құрастырылған. Бүгін біз Алматы облысы бойынша үздіктерді анықтатыд. Енді жеңімпаздар Десанттық-шабуылдаушы әскерлері, ҚК Құрлық әскерлері бойынша іріктеу кезеңдеріне қатысып, бәлкім халықаралық деңгейге жолдама алуы мүмкін, - деп атап өтті төреші сержант Аманжол Хасенов.
Сайыс қорытындысы бойынша үздік нәтижелер анықталды. Бірінші орынды Алматы қаласында орналасқан 61993 әскери бөлімі иеленді. Әскери қызметші әйелдер арасында бірінші орынға Сарыөзектегі 12740 ә/б кіші сержанты Бағлан Талғатова лайық деп танылды. Жеңімпаздар грамота және құнды сыйлықтармен марапатталды.
«Жауынгерлік достастық» сайысы Армия халықаралық ойындарының құрамына бекітілген. ТМД қатысушы-мемлекеттерінің Қорғаныс министрлері кеңесінің шешіміне сәйкес 2009 жылдан бері өткізіліп келеді.  
Биыл «АрМИ-2018» сайысы 28 шілде мен 11 тамыз аралығында алты мемлекеттің аумағында өткізіледі деп жоспарланған.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"