Десанттық-шабуылдау бригадасы тексерілді

Қорғаныс ведомствосының басшысы Нұрлан Ермекбаев Астанада орналасқан десанттық-шабуылдау бригадасына барып, ондағы күнделікті тыныс-тіршілікпен танысты.

Қорғаныс министрі жауынгерлік даярлық бойынша сабақтардың барысын, оқу-материалдық базаның жай-күйін, қару-жарақ, әскери техника, оқ-дәрілердің сақталуы жағдайын, сондай-ақ казармалық үй-жайлардағы бөлімшелердің орналасу тәртібін тексерді. Әскери объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы мен жауынгерлік техниканың қысқы жағдайларда пайдаланылу әзірлігіне айрықша назар аударды. Сондай-ақ жауынгерлік әзірлік, техника мен қару-жарақтың, құқық тәртібі мен әскери тәртіптің жай-күйі мәселелері бойынша бригада лауазымды адамдарының баяндамалары тыңдалды.

Тексеру қорытындысы бойынша Қорғаныс министрі жауынгерлік даярлықты одан әрі жетілдіру жөнінде нұсқаулар берді. Десанттық-шабуылдау бригадасы ҚР Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының резервісі болып табылатынын және стратегиялық объектілерді күзету мен қорғау үшін арналғанын айта кеу қажет. Қысқа мерзімде ауқымы бойынша әскери қақтығыстардың жауынгерлік тапсырмаларын шешуге қабілетті.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"