Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қызметшісі қылмыскерді қарусыздандырды

Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қызметшісі қылмыскерді қарусыздандырды

Жаңа жылдың алғашқы күнінде Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшісі подполковник Зәкір Қарашев бұдан бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған азаматты қарусыздандырып, полиция қызметкерлеріне тапсырды.

Әскери қызметшінің айтуы бойынша ол қыз баланың дүниеге келуіне байланысты досының үйіне отбасымен бірге қонаққа шақырылған. Мерекенің нағыз қызған кезінде есікке қоңырау соғылады. Пәтер қожайыны есікті ашып, баспалдақ алаңына шығады. Көп кешікпей пәтердегі айқай-шу естіледі. Подполковник Қарашев досының артынан шығып, оған кезелген жауынгерлік тапаншаны байқап қалады. Қауіп-қатерді ойламай офицер бейтаныс ер адамның қолынан қаруды қағып түсірді. Бірақ, қылмыскер кенеттен қалтасынан гранатаны алып шығады. Әскери қызметші оны қолымен қысып, қоян-қолтық ұрыс айла-тәсілін қолданып, шабуыл жасаған адамның қолынан суық қаруды жұлып алды.
Ер адам өзін агрессивті түрде ұстады. Оны полиция қызметкерлері келгенге дейін байлап тастауға тура келді. Кейіннен Алмалы АІІБ-де ұсталған адамда тапанша мен гранатадан басқа газ баллоны, бүктемелі пышақ және 200 доллар сомасында қолдан жасалған ақша болғаны анықталды.
Бұдан бұрын ол ұрлық пен бұзақылық үшін ұсталған. Тінту барысында қолға түскен адам есіктен жаңылысқаны айқындалды.
«Әрине, менің бойымды үрей биледі, бірақ, өзім үшін қорыққан жоқпын. Мен отбасыларымыз үшін алаңдадым. Пәтерде әйелдеріміз бен бала-шағамыз қалды. Егер де біз шақырылмаған қонақты қарусыздандырмағанда, оларға үлкен қауіп төнер еді», - дейді подполковник Зәкір Қарашев.
Бұл десантшы әскери қызметшілер арасындағы алғашқы батыл әрекет емес. Естеріңізге сала кетсек, былтырғы жылы ефрейтор Данияр Ешайдаров өзінің өміріне қауіп төндіре отырып, автокөліктің дөңгелегінің астынан тас жолда екі жасар баланы құтқарып қалған болатын. Ал кіші сержант Ғалымжан Әлиуханов өрт шалған пәтердің ішінен екі баланы аман-есен алып қалды.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: как военнослужащие смогут получить жилье по новой модели?

Инфографика: как военнослужащие смогут получить жилье по новой модели?