Десанттық-шабуылдау әскерлерінің жауынгерлік әзірлігін тексерді

Десанттық-шабуылдау әскерлерінің жауынгерлік әзірлігін тексерді

Қорғаныс министрлігі басшылығынан құралған кешенді комиссия  ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласовтың жетекшілік етуімен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің құрамалары мен әскери бөлімдері басқару органдарының жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілеттілігін кенеттен тексерді.

Тексеру аясында негізгі оқыту пәндері бойынша әскери қызметшілердің жеке дара дайындықтары, оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау, яғни, дабыл бойынша көтеру, берілген ауданға автомобильді марш жасау және екі күндік командалық-штабтық оқу-жаттығуды өткізу барысында бөлімшелердің үйлесімділігіне баға берілді. Тексерілген пәндер қатарында оқ ату, дене, саптық және арнайы даярлықтар, әскери топография, сондай-ақ жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі.  Оқыту пәндері бойынша сабақтар ұдайы орналасу пунктінде және оқу-жаттығу орталықтары мен полигондарда өткенін айта кетейік. 



Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства