Десантты-шабуылдаушы әскерлерінде жылдық қорытынды жұмыстары аяқталды

«Мәңгілік Ел тұғыры» - қуатты армия» ұранымен бастау алған 2016 оқу жылы аяқталып, 2017 жаңа оқу жылына да аяқ басатын уақыт келіп қалды.

Жыл аяқталар тұста әрбір әскери құрылым өзінің жыл бойы атқарған іс-шаралары жөнінде есеп беріп, қорытынды жасайтыны мәлім. Соған байланысты генерал-майор Алмаз Жумакеев мырзаның басқаруындағы ҚР ҚК Десантты-шабуылдаушы әскерлерінде де жылдық қорытынды жұмыстары өз мәресіне жетті.

2016 жылғы қорытынды бойынша ҚР ҚК Десантты-шабуылдаушы әскерлерінің бригадалары мен полктері,  жеке батальондары арасында «Жауынгерлік дайындық және әскери тәртіпті нығайтып, қызметтік-әскери іс-шараларда жоғары жетістіктерге қол жеткізгендігі үшін» жеңіске жеткен әскери бөлімдер төмендегідей:

Бригадалар арасында:

 1-ші орын подполковник Ш.Жазықбаевтың басқаруындағы 61993 әскери бөлімі.

Полктер арасында:

1-ші орын подполковник Т.Құсайыновтың басқаруындағы 48386 әскери бөлімі.

Жеке батальондар арасында:

1-ші орын подполковник Ш.Жарылқасыновтың басқаруындағы 62064 әскери бөлімі.

Сонымен, 2016 оқу жылын да Десантты-шабуылдаушы әскерлерінің айбынды десантшылары абыроймен аяқтады. Көптеген игілікті шаралар атқарылып, мол жетістіктерге қол жеткізілді.

 

Лейтенант Ербол Игісінов


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"